Нарық

Алматының үйлері «ұшып жатыр»

  • Алматының үйлері «ұшып жатыр»

    Алматының үйлері «ұшып жатыр»

Былтырғы карантиннен кейін студенттері қайта оралған Алматыда дәл қазір үйдің бағасы аспандағаны сонша, ғарыштық жылдамдықпен көтерілуде.

Биылғы жылдың жаз айынан бастап ақырындап көтеріле бастаған пәтер бағасы тамыз айында сағат санап қымбаттауға көшті. Қазақстандағы пәтер жалдауға, жалдайтын пәтерді табуға ыңғайлы бірнеше сайттарды ақтарып отырып, қазір, яғни қазан айындағы пәтер жалдау құнын көріп, бұл бағалардан «басымыз айналды».

Ең бірінші, Kricha.kzсайтын сүзіп шықтық. Бір  бөлмелі пәтерлердің ең арзаны – 60 мың теңгеден басталыпты. Өз көзімізге сенбей, хабарландыруды ашып қарадық. Алматының Түрксіб ауданында берілетін бұл пәтерді жалға алғыңыз келсе, біріншіден жалғызбасты адам болуыңыз шарт екен. Екінші шарты депозит ретінде 20 мың теңгені артық төлеуге тиіссіз. Депозит деп елде жоқ заңды шығарып алған үй қожайыны хабарландыруда бұл ақшаның кейін кері қайтарылатынын айтады. Алайда шындығында, кері қайтуы екіталай. Сіз пәтерді босататын кезде түрлі сылтау, себеп айтып, депозит ақшаңызды қайтармауға барынша тырысатыны тағы бар.

Әрі қарай, «Крышаны» ақтарып көрейік. Ең арзан деп тапқанымыз, 120 мың теңгелік бір бөлмелі пәтер болды. Оның өзі «Жас Қанат» ықшам ауданында. Бұл пәтерді алу үшін риелторға 25000 теңге төлейсіз. Демек, қалтаңызда ең аз дегенде 150 мың теңгеңіз болуы керек. Ал бұл ауданның қаладан өте алыста жатқанын ескерсек, жұмысыңызға барып-келуге мықты жүйкеңіздің болғаны өте маңызды.  Бұдан әрі баға көтеріле береді.

200 мыңнан 400 мыңға дейінгі аралықта Түрксіб ауданынан пәтер таба аласыз-ау, бірақ… Иә, бірақ бұл аудан Алматыдағы шалғай және ескі аудан екенін ескерсек, 400 мыңға пәтер жалдау… қисынға келе ме?
Алматының Алмалы, Әуезов аудандарындағы пәтер жалдау құны 350 мыңнан басталады екен. Ал енді Медеу ауданындағы пәтер жалдау бағасын сөз етпесек те, болатын шығар.  Бұл не сұмдық? Бұл бағаларды кім белгілеп отыр? Мынадай бағада пәтер жалдауға кез келгеннің қалтасы көтере ме? Бұл жағын ойлап бас қатырып жатқан пәтер иелері жоқ сияқты. Бізбен сұхбатында кәсіби риелтор Ержан Садықов: «Қазір арзан ештеңе жоқ. Пәтер иелері де үйін арзанға беріп, шығынға батқысы келмейді. Мысалы, ол пәтерді ипотекаға алуы мүмкін. Ал ай сайын ипотеканы төлеу бағасы 300-400 мың теңге болуы әбден мүмкін.

Иә, биыл Алматыда пәтер жалдау бағасы күрт артты. Былтырғы пандемияда батқан шығындарын биыл қымбатқа пәтерін өткізіп орнын толтырғысы келеді жұрттың»,- дейді. Екі айдан бері жалға берілетін пәтер таппай, күндік пәтерде жатқан Алмаз Кеңесбек: «Күніне 9000 теңгелік пәтерде жатырмыз. Үш студентпіз. Бір айға 270 мың теңгені санап бердік. Пәтерде жататын орыннан басқа түк жоқ. Кірді өзіміз жуып, интернетті өз ақшамызға қосып отырмыз. Жуынатын бөлмеде суы дұрыс ақпайды да. Университет жатақхана бермейді. Амал жоқ, пәтер тапқанша, далада қаңғымайық деп осыны жалға алдық»,-дейді.

Алматы қаласына іссапармен келген шетелдік қонақ Бурак Курт та үш кіннен бері «суточный» пәтер таппай сандалып жүргенін айтады. «Жетісу ауданында күндік жалдамалы пәтер іздеп, таба алмадым. Бір тәулікке ең арзаны 10 мың теңге екен. Амалсыз хостелге кеттім. Өкінішке қарай, хостелде  өзіңіз білесіз, жағдай мәз емес»,-дейді Бурак.

Айына жарты миллион төлеп пәтер жалдап тұруға екі адамның бірінің қалтасы көтере бермейді. Алайда алматылық пәтер иелерін бқл қызықтырмайтын сияқты. Ойларына келген бағаны қойып, пәтерін жалға беруде. Бұл жүйесіздікке тосқауыл қоятын құзырлы мекеме бар ма бұл елде?

Оқуға келген студенттер хостел жағалап, қашанғы қаңғиды? Жұмысы Алматыда, бірақ баспанасы жоқ отбасылар не істейді? Бар тапқанын пәтерге төлеп, өздері аш қалуы керек пе? Үкімет қайда қарап отыр? Бұл сұрақтарымызға мардымды жауап аламыз деген үміттеміз.

Асыл БАЛАБИ,

Kznews.kz ақпараттық порталы.




Көрілген: 1609    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 09:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31