Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алтын бағасы бір жарым айда 12,8%-ға қымбаттады

22 желтоқсан 2022, 11:11

Бұл 16 тамыздан бастап, яғни 4 айдан астам уақыттан бері ең жоғары көрсеткіш болып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроның Telegram арнасына сілтеме жасап жазды.

4 қарашада алтын құны 24,2 мың теңгеден аз болды. Бұл 2021 жылдың қазан айынан бастап есептегенде ең төмен көрсеткіш. Келесі бір жарым ай ішінде бір грамм бағалы металдың құны 3,1 мың теңгеге немесе 12,8%-ға өсті.

 

Ресурстың мәліметінше, алтынның әлемдік бағасының өсуіне доллардың әлсіреуі, нарықтардың құлдырауы және геосаяси жағдайдың шиеленісуі әсер етіп отыр. Бағалы металға деген қызығушылық артып келеді.

 

Яғни, инвесторлар қаржы нарығында тұрақсыздық пайда болған кезде алтынға басымдық бере бастайды. Бұл өз кезегінде бағалы металл бағасының көтерілуіне әкеледі.