Нарық

"Алтын Орда" базарындағы жолайрық қашан ашылатыны белгілі болды

  • Скрин видео TengriTV

    Скрин видео TengriTV

2020 жылдың соңына дейін "Алтын Орда" аумағындағы 10 жолақты жол пайдалануға беріледі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Алматылықтар "Алтын Орда" базары маңындағы көлік кептелісіне шағымданып жатыр. Себебі онда 10 жолақты жол құрылысы жүріп жатыр. Бүгін Instagram желісіндегі Kris_p_almaty парақшасында видео жарияланды. Онда жүргізушінің көлік кептелісіне шағымданып жатқанын көруге болады.

 

"Үйден ертерек шығыңыздар. Кешігіп қалмау үшін сағатты таңғы 5.30-ға қойыңыздар! Жол құрылысы біткенше мұнда көлік кептелісі күн сайын болады", - дейді желі қолданушылары.

 

"ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда мұнда жолды кеңейту, жаяу жүргіншілер өткелін орнату бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

"Учаскедегі коммуникация құралдарын көшіру үшін бір қосымша мердігерлік ұйым тартылды. Мұнда бір асфальт-бетон зауыты, екі бетон-араластыру қондырғысы және ұнтақтау-сұрыптау қондырғысы жұмыс істейді. Осы жылдың соңына дейін бұл жұмыстарды бітіру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, "Алтын Орда" базары маңындағы 10 жолақты жолдың құрылысы 2017 жылы басталған еді. Жол жоспар бойынша 2019 жылы пайдалануға берілуі керек болған. Алайда түрлі себептерге байланысты жобаның құрылысы ұзаққа созылды. Оның бір себебі екі жанармай құю станциясының иесімен сот процесінің өтуі.

 




Көрілген: 1339    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.09.2020, 17:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31