Нарық

"Алтын Ордадағы" жол құрылысы неге бітпей жатыр

  • © Almaty.tv

    © Almaty.tv

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы осы жылдың аяғына дейін екі эстакаданы пайдалануға береміз деп отыр. Ал, көлік жүргізушілері құрылыс жұмысының қарқыны баяу деп шағымдануда. Онсызда кептелістен көз ашпайтын жұрт жолда сағаттап тұрып әбден мезі болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


«Алматы-Бішкек» тас жолымен тәулігіне 50 мың автокөлік өтеді. Мұндағы кептеліс мәселесін шешу үшін автожолдың 4 шақырым жеріне сегізден 10 жолаққа дейін салынады. Оның ішінде екеуі транзиттік көліктерге, екеуі қала маңындағы көліктерге, ал тағы біреуімен қоғамдық көліктер қатынайды.


Күре жолдағы құрылыс 2017 жылдың аяғында басталған. Онсызда көлік кептелісінен көз ашпайтын жол да қазір тіпті жағдай қиын. Осы жолмен жүруге мәжбүр көлік жүргізушілері бар жоғы 4 шақырым аралықта жарты күніміз өтеді дейді.



«Былай өту үшін 1,5 сағат, 2 сағат кетеді. Жол өте нашар. Ұзынағашта тұратын апаларымызға жетуіміз қиын», – деді бір тұрғын.


«Үлкен қала мегаполисте не деген масқара мынау, 30 жыл болды ғой?! «Алтын Орд»а базарымен бірге алықтың жүйкесі шаршады. Осы кептелісте күндіз-түні тұрады», – деді тағы бірі.


Алматы - Бішкек тас жолының 16-шақырымынан 19-шақырымына дейінгі жолды кеңейту жұмыстарына мемлекеттен 9 млрд 100 миллион теңге бөлінген. «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаевтың сөзінше, халықаралық дәліз бойында әлі жерді босатпаған нысан иелері бар. Құрылыстың жүргізілуіне ол қолбайлау болып тұр дейді. Қазір кәсіпкерлермен сот ісі әлі жалғасып жатыр екен. Оның жүріп жатқанына 2 жылдан асқан. Бірақ осы күнге дейін нәтиже жоқ. Кедергі келтіріп тұрған нысандар сүріліп біткен соң, осы жылдың аяғына дейін мердігер компания эсткаданы қолданысқа береміз деп уәде етті.



«Биыл Ақсай өзенінен Іргеліге дейін асфальтпен жолды ашып береміз. Және де таға тәріздес эстакаданың қолданыс жолын пайдалануға береміз. Міне, биылғы жылдың жоспары осындай. Және қысқы мерзімде біз негізгі эстакада мен жаяу жүргіншілер жолын келесі жылы көктемге дейін аяқтауға тырысамыз», – деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұрхат АҚЫЛТАЕВ.


Жөндеу жұмыстарына 200 адам және 50 техника жұмылдырған. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы өкілдерінің сөзінше, құрылыс жұмысының 60 пайызы аяқталған. Халықаралық дәліздегі құрылыс толығымен 2021 жылы аяқталады.



 




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 09:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30