Нарық

Әр шаршы метрі 40 мың теңгеге қымбаттайды: Мамандар үй бағасының қымбаттау себебін айтты

  • Әр шаршы метрі 40 мың теңгеге қымбаттайды: Мамандар үй бағасының қымбаттау себебін айтты

    Әр шаршы метрі 40 мың теңгеге қымбаттайды: Мамандар үй бағасының қымбаттау себебін айтты

Пәтердің әр шаршы метрі 40 мың теңгеге қымбаттайды. Қазақстандықтарды осындай жағымсыз жаңалықпен кім және не үшін қорқытып отыр? Жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалдың тұрақтамай, керісінше жыл санап мың түрленетінін былайғы жұрт жақсы біледі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өз үйім, өлең төсегім» болса шіркін деп жүгендерден бұл арман жыл санап алыстап бара жатқандай. Сонымен, 2020 жыл бастала салысымен тағы қымбаттаудың қарқынына куә боламыз ба?

«Күн санап көркейіп, жыл санап жаңарған!» деген сөз тіркестерін еліміздегі басты шаһарларына қаратып айтқанды жақсы көреміз. Алайда, сол қалалардың қордаланған мәселелері жетерлік. Соның бірі баспана қымбатшылығы. Экономист Бауыржан Искаков салынып жатқан үйлердің, жалпы нарықтағы бағаның құбылуының бір себебін мынадан көреді:

«Құрылыс компанияларының шығынының көптігі. Ол шикізаттардың көптігі. Біздегі құрылыс материалдарының 60-70 пайызы шетелден әкелінеді. Яғни, шетелден бір материалды қандай валютамен аламыз? Ол ең бірінші кезекте доллармен аламыз. Яғни, біз сырттан тұрғын үйдің құрылысына әсер ететін саймандарды, құрылыс материалдарын әкелуді тоқтатпайтын болсақ, жылдағы 10-15 пайызға өту еш тоқтамайды», - деді экономист Бауыржан Ысқақов.

Жыл сайын білінер-білінбес өлшемде, 10-15 пайыз жылжымайтын мүлікке құн қосылып келеді. Оны сарапшылар айтпаса да жұрт біліп, көріп отыр. Алайда, алып-сатумен айналысып жүрген мамандар биылғы жылдың бірінші тоқсанында анау айтарлықтай өзгеріс болмайды дейді.

«Жасанды бағалардың аясында өз пәтерлерін шынайы бағамен сату. Ол өте тез арада өтеді және қолайлы бағамен өтеді. Ал оны жасанды бағалармен ұстап қалған пәтер иелері ұзақ сатуға ұшырайды. Сосын көктемде төмен бағаға сатуға мәжбүр болады», - деді жылжымайтын мүлік брокері Айнұр Мырзалиева.

«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген желімен жүрсек, баға қалыпты болса мұндай сыбыс қайдан шығады және не үшін қажет? Басқа да мамандардың пікірін тыңдайық.

«Бұл қоғамды дүрліктіру үшін жасалып отырған кезекті қадам. Іс жүзінде баға тұрақты. Үйлер сатылып, алынып жатыр. Естеріңізде болса кезінде ЕХРО 2017 аумағындағы тұрғын үйлердің айналасында да осындай алып-қашпа әңгімелер болған еді. Бірақ, еш әсер етпеді. Бағалар өзгере қоймады. Тіпті, көрме аясында салынған пәтерлер 2019 жылы бірақ сатыла бастады», - деген еді Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов.

Экономист мамандар болса нарықтағы бағаның түрленуіне реттелмеген риелторлық қызметтің де әсері барын айтады. Сатушы мен алушыдан қатар ақша талап ететін мамандардың тарифін не біржақты қылу қажет, иә болмаса делдалдықты алып тастау жайын ойлану маңызды екен.

«Қазіргі уақытта риелторлар сатып алушыдан да ақша алады қызметі үшін. Үйді бағасы 10 миллионнан астаны болса 10 пайыз, одан төмен болатын болса 5 пайыз. Сатып алғандардан да солай алады. Яғни, екі жеп биге шығады. Осы факторларды ережелермен, заңды тұрғыда қадағалау керек», - деді экономист Бауыржан Ысқақов.

Иә, бас қала, одан қалды баспана халқымыздың негізгі бөлігінің ортақ арманына айналған. Мұны шешудің бір жолы - елімізде құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың санын көбейту. Өнім өзімізден болса, онда доллардың өсуі, еуроның құбылуы пәтер құнын айналып келіп көтере бермес еді. Міне, осындай негізгі мәлелерді шешіп алмасақ, қолжетімді баспана сынды түрлі бағдарламалардың санын арттыру, сең болып қатып қалған проблеманы шешуге тек жанама әсер етеді.

 




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

жұма, 17.01.2020, 22:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29