Нарық

Әрбір жұмыс істейтін қазақстандықтың баспанасы болады: Жаңа мемлекеттік бағдарлама құрылуда

  • https://stan.kz

    https://stan.kz

Осы жылдың аяғында «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.


"2025 жылға дейінгі жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы туралы. Сайлауалды тұғырнамасы мен мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында жыл соңына дейін «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы бекітілетін болады", - деді Бейбіт Атамқұлов.


Министрдің айтуынша, бағдарламаға 5 міндет қосылады: бірыңғай тұрғын үй саясатын жүргізу; халықты сапалы ауыз сумен және санитарлық-техникалық қызметтермен ұтымды қамтамасыз ету; коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту; тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және жаңарту; құрылыс индустриясының дамуы.


«Жаңа тұрғын үй саясатының идеологиясы - жұмыс істейтін әрбір қазақстандықтың жеке баспанасы болады. Бұл үшін баспанаға қол жетімділіктің баспалдақтары салынуда, баспанаға мұқтаж әр отбасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту тетігі ұсынылады», - деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов.


Министр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «бағдарламаларға қатысудың нақты критерийлері» ұсынылғанын және халықтың табысы айқындаушы фактор болатынын айтты.


Сонымен, кірісі жоқ немесе отбасы мүшелеріне шаққандағы бір адамның ғана кірісі бар(21,5 мың теңге) отбасылар сатып алу құқығымен жалдамалы баспанамен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік осал санаттар арасында таңдау болады.


«Әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй табысы жоқ азаматтарға беріледі. Жалға берілетін тұрғын үй әлеуметтік осал санаттарға, яғни жетім балаларға, мүгедектерге және басқалар үшін тағы салынады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Бақытты отбасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы «2-10-25» мақсатты аудиторияға - көпбалалы, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға бір отбасына шаққандағы ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын болады.


stan.kz


 


«Бақытты отбасы» бағдарламасының әлеуетті қатысушылар санын (2-10-25) 10 мыңға дейін арттыру жоспарлануда.


 




Көрілген: 1183    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 19:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31