Нарық

Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерге шектеу қойыла ма

  • © Tengrinews

    © Tengrinews

Қазақстанда тіркелмеген автокөлік иелеріне тықыр таянуы мүмкін. Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Армения, Қырғызстан және Ресейдің көліктерін бақылауға алып, уақытша тіркеуге алуды ұсынды.


Бас полицейдің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің номерін таққан көлік жүргізушілері жүгенсіз кеткен. Өйткені, полиция тәртіп бұзғандарға шара қолдануға дәрменсіз.


Алайда шетелдік көліктерді тізгіндеген жүргізушілердің айтар өз уәжі бар.


Еуразиялық экономикалық одақтың көлік тасымалына берілген жеңілдіктері әсіресе қазақстандық жүргізушілерге тиімді болды. Соңғы жылдары жұрт Ресей, Қырғызстан, Арменияға ағылып арзан көліктерді сатып ала бастады.


Дегенмен, көшелерде толып жүрген шетелдік нөмірлі темір тұлпарлардың қозғалысына шектеу қоюылуы мүмкін. Өйткені, Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Жол қозғалысы туралы» заңға түзету енгізіп, көрші мемлекеттен тасымалданатын көліктерді онлайн тіркеуге алуды міндеттемек.


Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі Істер министрі:


- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген машиналар жылдамдықты асырып, ойына келгендерін істеп, жазасыз қалады. Сондықтан оларды Қазақстанда тіркеп, бақылауға алу қажет. Ал, жүк, жолаушы тасымалымен айналысатын шетелдік көліктер құзырлы органдарға тіркеліп, салық төлеуі тиіс. Транзиттік номермен жүргендер мен туристер де 10 күннен кейін уақытша тіркелуі қажет.


Рамазан бұл көлікті жиған-терген ақшасына Ресейден сатып алған. Көрші елде жапондық машинаның бағасы екі есе арзанға шығыпты. Жас жүргізуші министрдің ұсынысы қисынға келмейді дейді. Себебі, шетелдік номерлі машинаны Қазақстанда тіркеуге алу қымбат әрі рәсімделуі қиын екен.


Рамазан Аманжолов, Алматы қаласының тұрғыны:


- Министрдің айтқанымен мүлдем келіспеймін. Себебі, Қазақстанда тіркеу екі есе бағаға түсіп кетеді. Мен ол бағаға жаңа көлік сатып аламын. Қаражатым жеткен соң Ресейден бұл көлікті алып келіп отырмын. Елімізде ресейлік номірмен жүргендіктен жол ережесін бұзбауға тырысамын.


Сарапшылар құзырлы министрлік артық қыламын деп тыртық қылуы да ғажап емес деп отыр. Себебі, одаққа ортақ тәртіп бойынша көрші елдерден тасымалданатын көліктерді жаппай тіркеуге алу оңай шаруа емес.


Ал тәртіпке бағынбағандармен күресудің өзге де тиімді жолдары бар.


Эдуард Эдоков, Тәуелсіз көлік жүргізушілері одағының төрағасы:


- Армениялық, ресейлік және қырғыз көліктерінің қозғалысына шектеу қою Одақ аясындағы келісімдерді бұзу деген сөз. Сол себепті кеден бақылауына өткен шетелдік көліктерді полиция базасына түсетін кедендік тіркеуге алу ыңғайлы. Есесіне, елімізде жүрген шетелдік номерлі көліктер туралы мәлімет болады. Жол ережесін бұзған жағдайда, сол жүргізушіні оңай тауып, жазаға тарта аласыз. Бұл әлемдік тәжірибе.


Сондай-ақ, сарапшылар табысы төмен халық амалдың жоқтығынан көрші елдерден көлік іздейтінін жеткізді. Бүгінде баж сылығы, шетелден көлік әкелу құны тіптен шарықтап кеткен. Енді бас полицейдің бастамасы алдымен Парламент қабырғасында жан-жақты талқыланбақ. Министрдің бастамасы депутаттар жағынан қолдау таба ма, ол жағы әзірге белгісіз.


 ktk.kz




Көрілген: 1754    Пікірлер: 0

жұма, 05.07.2019, 09:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31