Нарық

Арыстағы кәсіпкерлер 2020 жылға дейін салықтан босатылады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Арыс қаласында облыс әкімінің тапсырмасымен кәсіпкерлерге арналған «Қамқор» бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


5 млн теңгеге дейін берілетін 1%-дық жеңілдетілген кепілсіз несиенің уақыты - 4 жыл.


Қазіргі таңда Арыстағы кәсіпкерлердің мәселесін шешу үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан 25 қызметкер келіп, 17 секторға бөлініп, қызмет атқаруда.


Олар 10 күн бойы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарын бағалап, тиісті сомасын есептеп шығады.


Жалпы, Арыс қаласында 346 кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Соның ішінде 258 нысанға жарылыс кезінде зақым келген. 253 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 нысан толықтай қайта салынады. Тиісті қаражат бөлінуде.



Кездесу барысында өздеріне қажетті кеңес алған 2 кәсіпкерге 10 млн теңге кредит берілетін болды.


Сондай-ақ, кәсібін дөңгелетіп отырғандар 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салықтан босатылады. Жеңілдетілген несие беру үшін жергілікті бюджеттен 200 млн теңге қаржы бөлініп отыр.


«Даму» қорынан қосымша 300 млн теңге қарастырылады.



 




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 18:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31