Нарық

АШМ мемлекеттік инспекторлары елімізге Ресей өнімдерін кіргізбей қойды

  • АШМ мемлекеттік инспекторлары елімізге Ресей өнімдерін кіргізбей қойды

    АШМ мемлекеттік инспекторлары елімізге Ресей өнімдерін кіргізбей қойды

 Мемлекеттік инспекторлар Ресейден Қазақстанға 81 тонна қауіптілігі ықтимал банандарды енгізбей тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір аптаның ішінде Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Ресей Федерациясынан фитосанитариялық қауіптілігі жоғары өнімді өткізуге бағытталған сегіз әрекетті тоқтатты.

«Пайдакүнемдер көршілес мемлекеттен елімізге 81 тонна банан, 37 тоннадан астам картоп, 20 тонна сәбіз және таңбасыз 3 тонна бидай тұқымын өткізуге тырысқан. Өсімдіктер карантині туралы заңнаманың талаптарына сәйкес, бұл өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған.

Тауар Ресей Федерациясына қайтарылды, ал кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады департаменттен.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі белгіліз бір вирус жұқтырған бананның Қазақстанға әкелінгендігі туралы таралған ақпараттың жалған екенін хабарлаған болатын.

Skifnews.kz




Көрілген: 259    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.01.2020, 10:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30