Ashyq қосымшасының баламасы пайда болды

20 мамыр 2021, 18:57

Қазақстанда бизнес нысандарына еркін кіру үшін қолданылатын Ashyq қосымшасына балама ретінде Aitu қосымшасы ұсынылды. Егер техникалық жұмыстар салдарынан Ashyq қосымшасы қолжетімсіз болса, онда Aitu-ды пайдалану мүмкіндігі бар, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Бірнеше апта бұрын BTS компаниясы Ashyq қосымшасын Aitu-мен интеграциялауды ұсынған болатын. Біз келістік, себебі мультиплатформалық қағиданы ұстанамыз, мысалы мемлекеттік қызметтерді банк қосымшаларына шығарып едік қой, сол сияқты. Неге Aitu? Біріншіден, BTS - мемлекетпен жұмыс істеген компания. Яғни олар деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік туралы меморандумға қол қойған. Екіншіден, Aitu да Ashyq сияқты жай ғана құрал, онда ПТР республикалық базасындағы мәліметтер сақталмайды, тек қана қажетті ақпаратты бір реттік көрсетілім үшін "тартады". Aitu-да Ashyq пилоттық тәртіпте жұмыс істеуде, ресми түрде кейінірек қосылуы керек еді. Бірақ функционалды сынақтан өткізетін кез келген сияқты, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

 

Aitu-дағы Ashyq-ты қалай қолдану керек? https://i2.app.link/OrbgU0JOdgb сілтемесі арқылы өтіп, Aitu қосымшасын жүктеп, "Қосымшалар" бөлімінде "Ashyq" енгізіп, орнатасыздар.

 

Aitu қосымшасында Ashyq функционалы бұрынғы тәртіпте жұмыс істейтін болады.

 

Айта кету керек, жуырда Ashyq функционалы үшінші қосымшада пайда болады.