Нарық

Асқар Мамин азық-түлік бағасының тұрақтылығын қатаң бақылауды тапсырды

  • Асқар Мамин азық-түлік бағасының тұрақтылығын қатаң бақылауды тапсырды

    Асқар Мамин азық-түлік бағасының тұрақтылығын қатаң бақылауды тапсырды

Әкімдіктер алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаса, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу қамтамасыз етіледі. Біз импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс жасап жатырмыз.
Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Үкімет басшысының айтуынша, азық-түлік бағасын қымбаттатуға ешбір себеп жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Премьер-Министр сайтына сілтеме жасап.

Биыл қалыптасқан жағдайда Үкімет пен әкімдіктер өнім өндіруді, сақтауды және барлық өңірлерге жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы белгіленді, бағаны тежеу міндеттемесімен «қайтарымды схема» арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беру практикасы кеңейтілді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, оның ішінде форвардтық сатып алу механизмі енгізілді – 24,5 млрд теңге бөлінді, 516,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу үшін 159 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші іріктелді.

Премьер-Министр қабылданған шаралардың әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын 4,4% деңгейінде тұрақтандыруға мүмкіндік бергенін атап өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден екі есе аз (8,7%). Үкімет басшысы бағаны тұрақтандыру бойынша Алматы қаласын мысалға келтірді, мұнда «қайтарымды схема» үшін жедел түрде қаражат бөлу жұмыстары жүргізілді, бұл тұрақтандыру қорларын дер кезінде толықтыруға, сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімін кеңейтуге мүмкіндік берді.

«Әкімдіктер алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаса, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу қамтамасыз етіледі. Біз импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс жасап жатырмыз. Бағаны қымбаттатуға ешбір себеп жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрлері бойынша бағаның тұрақтылығына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, сыртқы жағдайға және азық-түлік қорының жеткілікті болуы мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығына мониторингті жалғастыруды, «қайтарымды схема» арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беруді кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін форвардтық сатып алу практикасы мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Әкімдіктерге импортқа тәуелді тауарлар (қант, көкөніс өнімдері және басқалары) өндірісін ұлғайту бойынша жобаларды басым ретпен іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер әкімдерінің назарын өзімізде өндірілетін азық-түліктің, әсіресе, картоп, ұн, сәбіз және қарақұмық жармасының бағасын өсіруге жол бермеуі тиіс екеніне аударды.

«Азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету қазақстандықтардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі», — деді А. Мамин.
 




Көрілген: 233    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 15:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30