Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотека беріледі

26 желтоқсан 2022, 19:23

Отбасы банкі əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасын əзірлеп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында жазылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сенат депутаттары үкімет басшысынан келісімшарт бойынша әскери қызметке келгендерге баспана алу үшін алғашқы жарнаның сомасын төмендету және тұрғын үйді жалдауға бөлінетін қаражатты республика бойынша бірыңғайландыруды сұраған еді.

 

"Отбасы банк" АҚ əскери қызметшілердің тұрғын үйді сатып алуға бастапқы жарнасының сомасын төмендету мақсатында əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасын əзірлеуді жүзеге асыруда", – деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

 

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов Президент әкімшілігінің тапсырмасымен Үкімет тұрғын үй төлемін жүзеге асыру бойынша қолданыстағы тəсілдерді қайта қарайтынын да хабарлады.

 

Еске салайық, қазіргі таңда әскери қызметшілер "Әскери баспана" тұрғын үй бағдарламасы аясында баспана ала алады.

 

Бұл жеңілдетілген несие бағдарламасының екі бағыты бар:

 

"8/15":

 

бастапқы жарна –15%;

пайыздық мөлшерлеме – 8%;

несие мерзімі – 25 жылға дейін.

 

 

"6/50":

 

бастапқы жарна – 50%;

пайыздық мөлшерлеме – 6%;

несие мерзімі – 25 жылға дейін.