Нарық

"Астана LRT" құрылысы аяқталады - банктің бірі жобаны қаржыландыруға келісті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Астана LRT" жобасы аяқталып, жеңіл рельсті көлік іске қосылады деген сенімде. Бұл туралы ол қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу кезінде айтты.

 

"Қаржыландыру – басты мәселе. "Астана LRT" жобасы үлкен қаржыны талап етеді. Ел арасында "жемқорлыққа қойылған ескерткіш" деп аталып кеткен бетон конструкциялар қаланың көркін кетіріп тұрғаны рас. Бір жылдан бері банктермен жұмыс істеп жатырмыз. Екінші деңгейлі банктердің барлығы оған қаржы салуға келе қоймасы және оған екінің бірінің қаржысы жетпейтіні анық. Сондықтан біз байқау жарияладық. Қазір банктердің бірі келісімін берді. Тиісті келісімшартқа қол қойылғаннан кейін бұл туралы қосымша жариялайтын боламыз", - деді Көлгінов.

 

Әзірге қай банктің келісім бергені белгісіз.

 

Естеріңізге сала кетейік, "Астана LRT" жобасын аяқтау үшін 1,5 миллиард доллар қажет.

 

Атышулы LRT

 

2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев LRT құрылысы тым қымбатқа түсетінін мәлімдеді. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлар келді. Ал 2019 жылы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алып, осы жобаның тиімділігіне сенбейтінін айтты.

 

 

LRT-ның құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деген жоспар болған. Алайда қытайлық инвесторлар қаржыландыруды тоқтатты. Артынан "Астана банкінде" тағы 200 миллион доллардың бұғатталып қалғаны туралы ақпарат тарады. Биыл наурыз айында Есеп комитеті бұл жоба өзін ақтамайтынын мәлімдеді.

 

Ал маусым айында елорда әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысының қайта жанданғанын мәлімдеді. LRT-ны толығымен аяқтау үшін қосымша 1 миллиард доллар қажет.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31