Нарық

Астанада 50-ге жуық адамның атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

  • Астанада 50-ге жуық адамның атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

    Астанада 50-ге жуық адамның атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Ол қаржы ұйымдарынан елорда тұрғындарының жеке мәліметтерін алып, онлайн қарыз рәсімдеп отырған.
Полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы елорда тұрғындарына интернет-ресурс арқылы онлайн несие рәсімдеп жүрген 40 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқ жалған жолмен қаржы ұйымдарынан елорда тұрғындарының жеке мәліметтерін алып, онлайн қарыз рәсімдеп отырған. Ол жеке мәліметтерді пайдалана отырып зардап шеккендердің тіркеу жазбасына қол жеткізіп, кейін несие ретінде түскен ақшаны виртуалды карта және электронды әмиян арқылы шығарып алып отырған. Осылайша тұрғындардың атына өздері білмеген несие тіркеле берген. Қазіргі уақытта алаяқтың әрекетінен 50-ге жуық тұрғынның зардап шеккені анықталды.

Полиция қызметкерлері тергеу барысында оның IP-мекенжайын анықтап, тұтқындады. Қылмыскер тергеу изоляторына жабылды. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы (ақпараттық жүйені пайдаланушыға қатысты алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Тұлға алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған. Кейінгі рет ол 2 жыл бұрын қамауға алынып, екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сабақ алмаған ол, қылмыс жасауын тоқтатпаған.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті тұрғындарды анонимді интернет-ресурстарда жеке мәліметтерді таратпауға және оларды мессенджер арқылы ешкімге жібермеуге шақырады. Тексерілген, сенімді интернет-порталдарды ғана пайдаланған жөн. 




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 23:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30