Нарық

Астанада тұрғын үй сертификатын алатын адамдар санаты кеңейтіледі

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Тұрғын үй сертификатын алушылар санатының тізбесін кеңейту туралы құжаттың жобасы мәслихаттың келесі сессиясына жіберіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

 

«Елордада тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санатын кеңейтеміз. Бұрын тізімде толық емес, көп балалы, мүгедек бала бағып отырған отбасылар болса, қазір тізімге халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарының бәрін қосамыз.

Оның ішінде жетім балалар да қамтылады. Азаматтарды қабылдау кезінде жиі көтерілетін мәселенің бірі – баспана. Пәтер алу жолдарын қарастыруды өтінген асыраушысы жоқ балалармен бірнеше рет кездестім. Санатты кеңейту құжатының жоспарын мәслихаттың алдағы сессиясына қарауға береміз.

Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертфикат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертфикатының мөлшері – 1 млн теңге. Оларды «Шаңырақ» (5-10-20) жобасына қолдануға да болады.

Осылайша, ертеректе бекітілген тізімге енді жетім балалар, I және II топ мүгедектері, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер, мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары қосылады.

Сонымен бірге экологиялық апат кезінде, табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде баспанасынан айырылғандар, бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері немесе ертеде «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар, көпбалалы отбасылар және т.б. кіреді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл қолжетімді баспана құрылысын үш есеге ұлғайттық.

Бұған қоса, Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп, әлеуметтік пәтер алатындардың санатын да кеңейттік.

Биыл 1 мың пәтерді дәрігерлер мен мұғалімдерден басқа, әлеуметтік қызметкерлер, полиция, мәдениет және спорт қайраткерлері де ала алады», - деп жазды Алтай Көлгінов.

 

24.kz




Көрілген: 232    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30