Нарық

Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертуге қанша ақша жұмсалады?

  • © Sputnik / Медина Куракова

    © Sputnik / Медина Куракова

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елорда атауын өзгертуге қанша теңге жұмсалатыны әзірге белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Дәленовтің айтуынша, елорда атауын өзгертуге қанша ақша жұмсалатыны әлі белгісіз.


"Есептеген жоқпыз, бірақ қолда бар ақшаның, бюджеттің шегінде деп ойлаймын", - деді министр парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.


Ол Астана атауын өзгертуге жұмсалатын қаржы сомасы кейін жеке хабарланатынын айтты.


"Түсінесіздер ме, атауды өзгерту бірден бола салатын дүние емес. Егер құжат, төлқұжат, маңдайшалардағы атауларды сұрап тұрсаңыздар, мұның бәрі жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады", - деді министр.


Айта кетсек, бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге бағытталған, Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады.




 




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.03.2019, 11:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30