Нарық

Атаулы әлеуметтік көмек алудың кедергілері анықталды

  • Атаулы әлеуметтік көмек алудың кедергілері анықталды

    Атаулы әлеуметтік көмек алудың кедергілері анықталды

Халықтық кеңседе атаулы әлеуметтік көмек, "Бақытты отбасы" бағдарламасы түсіндірілді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті бүгін көпбалалы, мұқтаж отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек алу жолын түсіндірді.


Кеңес беруге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, сәулет және құрылыс, жер қатынастары бөлімінің мамандары да келіп, тұрғындарды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де қабылдау жүргізді. "Күн сайын 100-ден аса адам атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыруға келеді. Қазір қаңтар, ақпан, наурыз айларының құжаттары тексеріліп, көмек беріліп жатыр. Е-Халық порталы арқылы жеке куәлікпен тексеремін. Кейбір мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен интеграция болмай, қосымша ақпарат сұратамыз. Біріншіден, көбіне ажырасып кеткен ата-аналар алиментке жүгінбейді. Ал алимент табыстың бір түрі. Екіншіден, комиссия тексеруге барған кезде отбасы зейнеткер ата-енесімен бірге тұратыны анықталады", - деді қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Алтынай Маханова. Мамандардың айтуынша, тұрғындар арасында жұмыстан шығып, атаулы әлеуметтік көмек алуды қалайтындар да бар. Кейбірі 100-120 мың теңге жалақысы бар жұмысқа шығудан да бас тартқан. "Өзімнің 4 балам бар. Күйеуім жұмыс істемейді, сондықтан ажырасып жатырмын. Ажырасу сұрағы 6 ай қаралса, мен атаулы әлеуметтік көмек ала алмаймын", - деді қала тұрғыны Айгүл Тілеужанова. Бұл сұрақты комиссия жеке қарайтын болды. Ал комиссия отырысы әрбір бейсенбі күні өтеді. 




Көрілген: 749    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 00:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30