Ауыл халқына арзан процентпен кредит беріледі

24 қараша 2022, 17:13

Ауыл халқына төмен мөлшерлемемен несие бөлу үшін бюджеттен 52 млрд теңге қарастырылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары мәлімдеді.

 

Роман Склярдың пікірінше, мұндай шара ауыл-аймақтағы жұмыссыздық мәселесіне сеп болмақ. Бағдарлама аясында 11 мың жұмыс орыны құрылмақ.

 

Бұған дейін Жамбыл облысында іске қосылған қанатқақты жоба жақсы нәтиже берген еді. Сол кезде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы ауылдықтар 2,5%-пен несие алған.

 

Ендігі кезекте бұл жобаны еліміздің өзге өңірлерінде іске қосу көзделген.