Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ауыл шаруашылығы дауыл шаруашылығына айналады

01 маусым 2011, 16:20

Егер құс фабрикасын, жылыжай шаруашылығын, техника құрастыру кешенiн, көкөнiс қоймаларын немесе тамшылатып суару технологиясы арқылы жемiс-көкөнiс дақылдарын өндiру шаруашылығын ашамын десеңiз, мемлекеттен инвестиция алуға мол мүмкiндiгiңiз бар. «Қазагроқаржы» компаниясы аталған жобаларға инвестиция бөлу үшiн конкурстық негiзде iрiктеу басталғанын хабарлады.
Әрине, кез келген жобаға қаржы бөлiне бермейдi. Тек құрамына Парламент депутаттары, «Нұр Отан» партиясы, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, «Қазагро» ұлттық холдингi қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi кiретiн комиссияның сынағынан өте алсаңыз ғана. Жобаны жүзеге асыру үшiн бiлiктi мамандары мен материалдық-техникалық қоры болуы шарт. Сонымен қатар жаңа заманғы технологиялардың қолданылуы, ұсынылған жобаның тиiмдiлiгi мен экологиялық қауiпсiздiгiне баса назар аударылады. Несиелер кәдiмгi заем және лизинг түрiнде 12 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Өтiнiштер осы аптаның соңына – 6 наурызға дейiн қабылданады.
«Қазагроқаржы» АҚ басқарма төрағасы Дулат Айтжановтың мәлiмдеуiнше, жобаларды қаржыландыру наурыз, сәуiр айларында жүргiзiледi. Басқарма төрағасының айтуынша, осындай жобалар арқылы сырт елдерден келетiн сапасы күмәндi көкөнiстерге тосқауыл қоя аламыз. Әрi отандық ауыл шаруашылығы өнеркәсiп кешенiне серпiн беремiз.
«Жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпар» шыққан жобалар Үкiметтiң экономика мен қаржы жүйесiн тұрақтандыру бағдарламасы негiзiнде қаржыландырылып отыр. Осыған орай, яғни ауыл шаруашылығы өнеркәсiп кешенiн шұғыл дамытуға Үкiметтен «Қазагро» ұлттық холдингiне бiр миллиард теңге көлемiнде қаржы бөлген болатын.