Нарық

Ауылдарға көшіп барған дәрігерлерге 3 млн теңге төленбек

  • Ауылдарға көшіп барған дәрігерлерге 3 млн теңге төленбек

    Ауылдарға көшіп барған дәрігерлерге 3 млн теңге төленбек

Елімізде ауылға жұмыс істеуге барған медицина қызметкерлері үшін жәрдемақыларды ұлғайту және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің мәліметінше, ауылдарда 14 804 дәрігер жұмыс істейді. Тағы 3 104 маманға (салынып жатқан объектілерді ескере отырып) қажеттілік бар.

 
"Ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарға қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өңірлермен бірлесіп шаралар қарастырдық. Мысалы, көтерме жәрдемақыларды 100-ден 1000 АЕК-ке дейін арттыру", - деді Цой.

Осылайша, көтерме жәрдемақы мөлшері 291 700 теңгеден 2 917 000 теңгеге дейін ұлғаяды (2021 жылғы АЕК мөлшеріне қарай).

Бұдан басқа, ауылға жұмысқа келген медицина қызметкерлерін міндетті түрде тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың жалақысын кезең-кезеңімен 2,5 есеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Министрлікте осы шаралардың нәтижесінде ауылдар 2023 жылға қарай 100% жалпы практика дәрігерлерімен және мамандармен қамтамасыз етіледі деп үміттенеді.




Көрілген: 867    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 13:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31