Нарық

Ауырып қалған жағдайда кредитті төлемеуге бола ма?

  • Ауырып қалған жағдайда кредитті төлемеуге бола ма?

    Ауырып қалған жағдайда кредитті төлемеуге бола ма?

 Статистикаға сүйенсек, бүгінде қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 6 триллион теңгеден асады. Оның ішінде қарызын кешіктіргендері қаншама. Оған, әрине, түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Біреулер денсаулығының нашарлауына байланысты қарызын өтей алмаса, басқалары жұмыстан қысқартуға ұшырап, қаржы жағынан қысылып жатады. Заңгер Нұрбол Батырбай Tengrinews.kz тілшісіне қарыз қайтару кезінде заң бойынша төтенше жағдайларға не жататынын және ол кезде өз міндеттерін тоқтатуға болатын-болмайтынын түсіндіріп берді.


Маман заңда қарыз алушы қандай да бір қиындықтарға тап болған жағдайда оларға жеңілдік жасаудың нақты жолдары көрсетілмегенін және ол мәселені тек заем беруші банктің шешетінін айтады.


"Қандай да бір оқыс жағдайлар болып, қарыз алушы келісімшартта көрсетілген міндеттерін орындамаған жағдайда оған белгілі бір уақыт беріп, жеңілдік қарастыруды тек банк шешеді. Заңда нақты айтылмаған. Дегенмен қарыз алушы мен банк жасасқан келісімшартта барлық пункт көрсетілуі тиіс. Көрсетілмеген жағдайда борышкер ешқандай анықтамалармен де, себептерімен де қарызды тоқтатып, кейінге шегере алмайды", - дейді заңгер.


Нұрбол Батырбайдың айтуынша, бүгінде банктер көп жағдайда жеңілдік қарастырмайды. Келісімшарттарда, құжаттарда әдетте белгілі бір оқыс жағдай болып қалса, жеңілдіктер қарастырылатыны жайлы көрсетілмейді дейді.


"Жалпы оқыс жағдай деп адамның еркінен тыс күтпеген, болжанбаған және оны адам өзінің қабілетімен , мүмкіндігімен еңсере алмайтын жағдайларды атауға болады. Оның оқыс жағдай немесе оқыс жағдай емес екенін тек сот бағалай алады", - дейді Нұрбол Батырбай.


Осы ретте маман қарыз қайтару кезінде ықтимал төтенше жағдайларды атап берді.


Айтуынша, бұл жағдайлар расталса, банкпен белгілі бір уақытқа келісімге келуге болады. - адамның жұмыс істеуіне кедергі келтіретін түрлі жағдайлар, апаттар; - жұмыспен қамту орталығында тіркелген жағдайда, яғни ресми түрде жұмыссыз екені дәлелденсе; - ойламаған жерден жұмыстан қысқартуға ұшыраған кезде (қажетті құжаттар болуы керек); - соңғы жалақысы әлі түспей жатса - тек анықтама берілсе; - жалақысының кем дегенде 20 пайызға төмендеуі.


"Егер борышкер ауырып қалса немесе жұмыстан шығып қалса онда өзінің міндеттерін тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқығы нақты заңда көрсетілмеген. ҚР Азаматтық кодексінің 272, 273, 319-баптарында да айтылады. Мысалы, 274-бап ("Мiндеттеменi бөлшектеп орындау") бойынша, банк пен қарыз алушы жасасқан мiндеттеме шарттарында ол туралы көрсетілмесе, белгiленбесе, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы. Егер банк келіссе, әрине, болады. Бірақ ондай банк Қазақстан Республикасында əлі құрылмаған", - дейді заңгер.


Tengrinews.kz




Көрілген: 1868    Пікірлер: 0

сенбі, 22.06.2019, 21:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31