Айдос Сарым теңге бағамына қатысты пікір білдірді

09 наурыз 2022, 17:10

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым теңге бағамына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Мен экономист емеспін, бірақ бағамның құбылмалығы туындаған жағдайда тұрғанымыз түсінікті. Егер жағдай күрт нашарласа, онда теңгеге қатысты ахуал қиын болатыны анық», - деді А. Сарым Мәжілістың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

 

Осы орайда ол Қазақстан мен Ресей экономикалары өте тығыз өзара байланысты екенін еске салды.

 

«Көршілес ел болғаннан кейін біздің экономикалық қарым-қатынасымыз бар. Онда 1 млн қазақ, ал бізде 3 млн орыс тұрып жатыр. Сонымен қатар бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеуде және импорттың елеулі көлемі қамтылған», - деді депутат.

 

Оның пайымынша, жалпы, болып жатқан жағдайда тәуекелді азайтуға тырыса аламыз, алайда оның барлығын бір сәтте ретке келтіре алатын тетік жоқ.

 

«Биілікті сынаушылардың өздері бұл жағдайда тиімді 10 немесе 3 шешімді ұсына алмайды. Өкінішке қарай, бұл форс-мажор жағдай», - деді Айдос Сарым.