Нарық

"Әйелдер ипотекасы" қандай шарттармен беріледі?

  • "Әйелдер ипотекасы" қандай шарттармен беріледі?

 Тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру мақсатында әйелдерге арналған ипотека жобасын жүзеге асыру үшін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Азия Даму Банкімен" біріге отырып, шамамен 4000 әйелге ипотека бермекші - деп хабарлайды, krisha.kz - ке сілтеме жасап.


"Қазақстанда 9,1 миллион әйел бар, олардың 4,4 миллионы жұмыспен қамтылған, жартысы өз отбасыларын өздері асырап отыр. Сондай-ақ әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда үш есеге аз екенін ескеру керек. Яғни әйелдердің ерлерге қарағанда пәтер алу мүмкіндігі төмен екенін білдіреді. Сондықтан біз "Азия Даму Банкімен" бірге қазақстандық әйелдерді қолдай отырып, гендерлік жобаны жүзеге асырмақшымыз", - деді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басшысы Ләззат Ибрагимова. Банктегілердің айтуынша, ипотека жобасына жаңа салынған үйлер де, қайталама нарықтағы пәтерлер де кіреді. Кредиттің максимал сомасы - 30 миллион теңге. Алғашқы жарна - 15 пайыз. Бірақ ол әйелдің жалақысы 200 мың теңгеден кем болуы тиіс. Егерде жалақысы 200 мың теңгеден асатын болса, алғашқы жарна - 20 пайыз. Қазіргі таңда пайыздық мөлшерлемесі әлі белгісіз. Ол туралы кейінірек айтылады.


qamshy.kz




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

сенбі, 23.11.2019, 12:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31