Әйелдер ипотекасына қаржы бөлінді

03 мамыр 2023, 10:19

10 мамырдан бастап "Отбасы банкі" "Ұмай" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл гендерлік өнімді несиелендіруге 15,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатты Азия даму банкі үшінші транш аясында бөліп отыр.  Дәл онымен бірге "Отбасы банкі" бірлескен жоба – "Ұмай" бағдарламасын жүзеге асыруда.

 

"Ұмай" тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Географиялық шектеу жоқ, яғни пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге рұқсат беріледі.

 

Жоба 2021 жылы іске қосылды.