Нарық

Азия даму банкі мен ForteBank бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға 31 млрд. теңге жұмсамақ

  • Азия даму банкі мен ForteBank бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға 31 млрд. теңге жұмсамақ

    Азия даму банкі мен ForteBank бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға 31 млрд. теңге жұмсамақ

ForteBank Азия даму банкінен қаражат тарту арқылы Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бағдарламасының қатысушысы болды. Бұл бағдарлама Қазақстан кәсіпорындарын тиімді шарттармен белсенді несиелендіруге көмектеседі.

Азия даму банкі ForteBank-ке 31,320 млрд. теңге көлемінде қарыз берді. Бұл қаражатты қаржы институты 2019 жылдың 2 қарашасына дейін игеріп, кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағыттайды. Несиенің мақсаты негізгі құралдарды сатып алу және жаңғырту, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру болып табылады.




"Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту – ForteBank үшін маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде біз Даму, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкімен табысты ынтымақтастықта жұмыс істейміз және бұл жұмысты Азия даму банкімен қаржыландыру бойынша жалғастыратынымызға қуаныштымыз. Бұл қаржы ұйымдары бірнеше онжылдықтың өзінде көптеген банктер үшін сенімді әрі білікті серіктес бола отырып, өңір экономикасының өсуіне серпін берді", – деп атап өтті ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Бағдарлама бойынша қарыздар жылдық 12,5 пайыздан бастап сыйақы мөлшерлемесімен 1 млрд. теңгеге дейінгі сомаға беріледі. Мерзімі – 84 айға дейін, несие желісі аралас болуы мүмкін. Егер бағдарлама барысында қаржыландыру Азия даму банкінің қаражатының есебінен жүрсе, онда ол аяқталғаннан кейін тұтынушыларды ForteBank тікелей қолдайтын болады.

"Бизнестің Жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша басым секторлар шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау маңызды басымдыққа ие болады. Бірінші кезекте бұл өңдеу өнеркәсібі, металлургия, өндірістің әртүрлі саласындағы жобаларға жатады.

 



Көрілген: 752    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 14:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30