Нарық

Азық-түлік неге қымбаттады?

  • Азық-түлік неге қымбаттады?

    Азық-түлік неге қымбаттады?

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы 4,4 процентке өсті. Негізінен қарақұмық жармасы мен қант, сәбіз бен картоп қымбаттады. Басты себебі егістік аумағының қысқаруы мен маусымдық фактор. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының өсімі барлық аймақтарда байқалып отыр. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұл­танов мәлімдеді, - деп жазды Aikyn.kz.

Оның сөзіне қарағанда, әлеу­меттік маңы­зы бар азық-түлік тауа­рының бес түрі арзандаған. Мәсе­лен, қырыққабат ба­ғасы 21,4 про­центке төмендеді.

«Жалпы өсім көрсеткіші 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыс­тырғанда екі есе төмен. Аталған өсудің 90 проценті, яғни 4,1 про­центтік пункті, елде төтенше жағ­дай режимі енгізілген кезеңде тіркелді. Мұның негізгі себебі ка­рантинге бай­ланысты азық-тү­лікке деген ерекше сұраныс және логистика мен тауар тасымалдау шарттарының өзгеруі, маусым­ара­лық кезеңдегі тап­шылық бол­ды», – деді Б.Сұл­танов. Оның айтуынша, мамыр айынан бастап баға өсімі реттеле бастады, мыса­лы сол баға 0,1 процентке өсті де, маусым мен шілдеде өс­пей, та­мызда 1 процентке төмендеді.

Министрдің дерегінше, әлеу­меттік маңызы бар тауарлар­дың бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен 14,2 млрд теңге бөлін­ген. Бұл нарықтық механизм қазірдің өзінде тиімділігін көрсе­тіп отыр. Алматы қаласы бойын­ша басқа өңір­лермен салыстыр­ғанда қомақты қаражат бөлінген. Нәтижесінде, шаһарда жыл ба­сынан бері әлеу­меттік маңызы бар тауарлар баға­сының өсуі 2,2 процентті құрады. Бұл ел бойын­ша ең төмен көр­сеткіш көрінеді. Ал Жамбыл және Сол­түстік Қа­зақстан облыс­тарында әлеу­мет­тік маңызы бар тауарлар баға­сын ұстап тұруға қаражат бөлінген жоқ, сал­дарынан аталған өңір­лерде әлеу­меттік маңыз­ы бар тауар­лар баға­сының өсуі тиісінше 6,1% және 5,7%-ті құрады.

Айта кетейік, төтенше жағдай режимі кезеңінде бағаларды тұ­рақ­тандыру үшін Сауда және интег­рация, Ұлттық эко­номика және Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лік­терінің бірлескен бұйры­ғы­мен 9 әлеуметтік маңызы бар тауарға шекті баға белгіленген болатын. Сол шекті бағаның сақта­­луына әкімдіктер мен ми­нистрліктің аумақтық бөлім­шелері тұрақты негізде монито­ринг жүргізіп тұрады, оның қо­рытындысы бойынша 180 әкім­шілік айыппұл салынған. Айта кетейік, биыл 22 наурыздан бас­тап төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңінде 7 тауарды экспорттауға тыйым с­а­лынды. Бұдан басқа, бағаның өсуіне жол бермеу наурыз айынан қыркүйек айына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының им­пор­ты мен сатылуына қосылған құн салы­ғының ставкасы 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.

Ауыл шаруашылығы министрі Са­пар­хан Омаровтың айтуынша, азық-түлік тауарын көптеп өнді­руді қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін бірқатар жаңа ин­­вестициялық жобалар енгі­зіледі. Мы­салы, жыл соңына дейін құс етін өндіру көлемі 75 мың тоннаға немесе 25 про­центке ұлғайтылады. Бұл жаңа 8 құс фаб­рикасын жылдың аяғына дейін іске қосу есебінен қам­тамасыз еті­леді. Олар­дың екеуі іске қосылған. Сонымен қатар сүт өн­­дірісі де ұлғаяды. Жылдың соңына дейін қосымша көлемі 112 мың тонна бо­латын 25 өнеркәсіптік тауарлық сүт фер­масы іске қосы­лады. 6 инвес­тициялық жоба жүзеге асы­рылды. Жыл соңына дейін қуаты 45 мың тонна болатын 3 жаңа ет комбинатын іске қосу жоспарланып отыр.

«Халықты алмамен қамтамасыз ету үшін 2 мың гектар қарқынды алма бағын отырғызу жоспарлануда, олар 68 мың тоннаға дейін өнім бере алады. 1 700 гектар қазірдің өзінде отырғызылды. Қант өндіру бойын­­ша Жамбыл облысында жаңа зауыт салу бойынша жұмыс бастал­ды. Қант қызылшасына арналған алаңдар 20,5 мың гектарға дейін ұлғайтылды, Алматы облысында қолданыстағы қант зауыттары жаң­ғыртылады», – деді С. Омаров.

Импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп жатқан Үкіметтің жетекшісі Асқар Маминнің пікі­­рінше, бағаны қымбаттатуға еш себеп жоқ.

«Халықаралық астық нары­ғында қалыптасып отырған конъюнк­­тура­ны ескеріп, Ауыл шаруашылығы министрлігі әкім­діктермен бірлесіп, сыртқы жағ­дайға және азық-түлік қорының жеткілікті болуы мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығына мони­торингті жалғастыруы қажет. Екін­шіден, Ауыл шаруашылығы ми­нистр­л­ігі «қайтарымды схема» ар­қылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беру механизмін кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын қам­тамасыз ету үшін форвардтық сатып алу практикасын барлық өңірлерде енгізуді тапсырамын», – деді ол Үкімет отырысында.

 

 

Айдана БЕГІМ




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 09:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30