Нарық

Бағасы қолжетімді отандық көліктер тізімі

  • Фото: kapitalist.tv

    Фото: kapitalist.tv

«ҚазАвтоӨндіріс» одағы автокөлік нарығының баға динамикасына қатысты статистикамен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Автокөлік саласындағы одақтың мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар былтыр жалпы 654,3 млрд теңгеге 71 417 жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөлік сатып алған.

 

«Сатып алынған автокөліктің әрқайсысының орташа құны 8,9 млн теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 5,7 пайызға артық. Импорттық автокөліктің орташа бағасы шамамен 10,9 миллион теңгені құрап отыр. 2019 жылдың қорытындысы бойынша сатып алушылардың 27 пайызы құны 5 миллион теңгеден аспайтын автокөлікті иеленген. Сол секілді сатып алушылардың 15,8 пайызы 7-ден 10 млн теңгеге дейінгі автокөлікті таңдады», - деп хабарлайды «ҚазАвтоӨндіріс» одағынан.

 

Сонымен бірге бизнес-класс (10-15 млн тг) пен премиум-класс (15 млн тг жоғары) сегментіндегі көліктердің үлесі жаңа автокөліктер нарығында 26,2 пайызды (18 679) және 10,7 пайызды (7 640) құраған.

 

«Жолаушыларға арналған ең қолжетімді көліктердің ондығы позициясын отандық автоөндірушілер ұстап тұр. Осылайша, құны 2,7 млн теңгеден басталатын өскемендік Lada Granta - қолжетімділігі бойынша көшбасшы саналады. Ең арзан 10 көліктің тізімін Lada 4x4 (3,4 млн теңге), Ravon Nexia (3,5 млн теңге), Chevrolet Niva (4,17 млн теңге), Ravon R2 (4,2 млн теңге), Ravon R4 (4.21 млн теңге), Lada Largus (4.3 млн теңге), Lada XRAY (4.4 млн теңге), Lada Largus LCV (4.9 млн теңге) және UAZ Patriot Pickup (5.8 млн теңге) құрайды», - делінген хабарламада.

 

Елде сатылып жатқан ең қымбат көлік модельдерінің тізімінде Lexus LS (56,7 миллион теңге), Porsche Panamera (56,3 миллион теңге), Porsche Cayenne (43,8 миллион теңге), Lexus LX (40,5 миллион теңге), Audi Q8 (39) миллион теңге), BMW 8 сериясы (37,8 миллион теңге), Land Rover Range Rover (37 миллион теңге), Cadillac Escalade (34,3 миллион теңге), BMW X7 (33 миллион теңге) және Lexus GX (32,3 миллион теңге) тұр.

 




Көрілген: 1980    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 13:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30