«Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы несие алу мүмкіндігі 20 маусымда басталады

06 маусым 2022, 23:57

Үй кезегінде тұрған азаматтардың 20 маусымнан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы несие алуға мүмкіндігі бар. 19 шілдеге дейін отбасы банктің ресми сайтына кіріп, ипотекалық несие алуға өтініш беруге болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бағдарлама 2 пайызбен 20 жылға дейін баспана сатып алуға кредит береді. Бастапқы жарнасы – 10%.

 

Қаржыға жаңа үйлерді де, нарықта бұрыннан бар баспананы да сатып алуға болады.

 

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау тұрғындары 15 млн теңгеге дейін қарыз ала алады.

 

Қалған өңірдегі азаматтар үшін несие көлемі 10 млн теңгеден аспауы қажет.

 

2 пайыздық ипотека көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы толық емес отбасы мүшелеріне беріледі.