Соның арқасында өз баспанасына қол жеткізетін азаматтардың саны арта түспек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Енді "Бақытты отбасы" бағдарламасына көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен қатар жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектер де тұрғын үй кезегіне тұра алатын болды.
Енді "Бақытты отбасы" бағдарламасында табысқа шектеу де қойылмайды. Бұған дейін отбасы мүшелерінің соңғы алты айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспауы керек деген талап бар болатын. Бұл шектеу енді алынып тасталды.
Айта кетейік, бағдарламадан толық емес отбасылар санаты алынып тасталған. Бұған дейін "Отбасы банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қазір ипотекалық несие алу үшін құжат бойынша ажырасатындардың қатары көбейгенін айтқан еді.