Нарық

Банк адамдарды қалай алдайды

  • Банк адамдарды қалай алдайды

    Банк адамдарды қалай алдайды

Ең төменгі пайызбен кредит беретін «Тұрғынүйжинақбанкінен» ақша алғандар арасында жиі айтылып жататын мынадай пікірге назар аударып көрелік. Бұл банкте сіз өз есепшотыңызды ашып, ақшаны жинақтауыңызға мүмкіндігіңіз бар. Депозит түрінде ашылатын бұл есепшоттағы ақша сіз алатын пәтер құнының жартсына жеткен кезде, банктен белгілі бір мерзімге қалған 50 пайыз жетпейтін соманы несие ретінде алуыңызға болады. Оның жылдық өсім пайызы 4-5 пайыз деңгейінде. Бір қарағанда банк адамдардың баспаналы болуына қажетті жағдайлар жасап, көмектесіп жатқандай әсер қалдырады. Дегенмен, істің мәніне назар аударып қарасаңыз, банктің өз қалтасын толтыру жайын көбірек ойлайтынын бағамдау қиын емес.


Осы банктен несие алғандардың пікіріне назар аударып көрелік. Б. деген азамат «Тұрғынүйжинақбанкінен» 5 миллион теңге несие алғандығын айтады. Ол 10 миллионға пәтер сатып алмақ болады. 5 миллион жиған ақшасы бар екен. Содан «Тұрғынүйжинақбанкіне» барады. Олар 50 пайыз ақшаңыз болса, қалған жетпейтін 50 пайызды 5 пайыз жылдық өсіммен алуыңызға болады дейді. Қуанып кеткен Б. олардың шартына келісіп, жинаған 5 миллион теңгесін банкке салады. Содан қажетті құжаттарын тапсырып, комиссия мақұлдаған соң кредитін алады. Қызығы сол, банк бұл салған 5 миллионды да, өздері берген 5 миллион теңгені де өз қаражаты сияқты есептеп, 10 миллион қылып шығарады. Сөйтіп банк 10 миллион теңгеден жылына 5 пайыз өсім алуды есептегенде, қайтаратын сома мөлшері екі есеге жуық далыйып өседі. «Ау, мен сендерден 10 миллион емес, 5 миллион ғана алып тұрмын ғой, қалғаны өз ақшам» дейді Б. Бірақ


оның арыз-шағымына құлақ асқан пенде болмайды. Жалпы, «Тұрғынүйжинақбанкі» талабы бойынша сіз салған пәтердің 50 пайыз құны да банк берген несиенің ішіне кіріп, қоса есептеледі. Егер кредит алудың бұл шартына келіспесеңіз, онда кредитті басқа банктерден алуыңыз қажет болады.


Екінші мысал: Тағы да осы «Тұрғынүйжинақбанкінен» кредит алған азаматтың басынан кешкен оқиғасына назар аударалық. Банктен несие алған кезінде оған банк қызметкері «сіз бір жылдай өсім пайызын төлейсіз, содан кейін ғана негізгі қарызды төлейтін боласыз» деп ескертеді. Содан арада бір жыл өткенде банкке барған әлгі азаматқа банк қызметкері «әлі өсім пайызын төлеу уақыты біткен жоқ, оны өзіміз хабарлаймыз» деп шығарып салады. Арада тағы да біраз айлар өтеді. Содан бір күні ол банктен шақырту алады. Банк теңгенің құнсыздануына байланысты несие мөлшерін қайта есептеу үшін шақыртқан екен және осы арада ол өзі үшін өте қолайсыз бір жаңалықты естиді. Банк қызметкері оған «сіздің өсім пайызын төлеу мерзіміңіз жарты жыл бұрын біткен, әлі күнге дейін оны төлеп келеді екенсіз, енді негізгі қарызды төлеу үшін жаңа шарт жасайсыз» дейді. Ал бұл жарты жыл бойы өсім пайызы үшін төлеген 800 мың теңге банктің еншісінде қалады екен. Яғни, сонша ақшаны бұл банкке жәй сыйлайтын болыпты. Бұған келіспеген әлгі азамат банк басшысына кіреді. «Мен жарты жыл бұрын келгенімде банк қызметкері сіздің мерзіміңіз әлі келген жоқ, өзіміз хабарлаймыз деді» деген бұның уәжін банк басшысы қабыл алмайды. «Сіз уақытында келіп, негізгі қарызды төлеу жөніндегі келісім жасауыңыз қажет еді, оны істемегендіктен, артық төлеген ақшаңыз банкте қалады» дейді басқарушы міз бақпастан. Ол қанша табалдырықты тоздырғанымен, еш нәтиже шығара алмайды. Сөйтіп, айдың күннің аманында 800 мың теңгесін банкке сыйға тартуға мәжбүр болады. Өкінішке орай, бұндай банк тарапынан жасалатын қулықтар оқта-текте кездесіп жатады.


Банктің адамдардан ақшаны еселеп алуына жағдай жасайтын заң тетіктері де аз емес дейді заңгер сарапшылар. Мәселен, жеке азамат банк тарапынан жасалған заңсыздыққа қатысты сотқа шағымдануы үшін 13 ай мерзім белгіленген. Ал банк жеке азаматтар тарапынан заң бұзушылықтар болған жағдайда кез-келген уақытта сотқа шағымдана алады, яғни олардың сотқа шағымдану мерзімі шектеусіз. Бұның қаншалықты азаматтарға залалы барлығын мына мысал арқылы көз жеткізуге болады. Кейбір адамдар банктен алған несиесін қайтаруға шамасы жетпегендіктен, оны төлеуді кейінге қалдырып жатады. Уақыт өте келе салдыр-салақтықтан несиелерін естен шығаратындар да бар. Банкке керегі де сол. Банк асықпайды, арада жылдар өтеді. Содан кейін банк несиесін төлемеген азаматтың үстінен сотқа шағым түсріп, негізгі қарызына қоса, бірнеше жыл төлемеген өсімін төлеуді талап етеді. Заң бойынша банктің талабы орынды. Сот банктің есебіне шешім шығарып береді. Содан әлгі азамат төлемеген негізгі несие қарызының үстіне 4-5 есе артық сомада өсім пайызын және төлеуге мәжбүр болады. Өкнішіке орай, бұндай жағдайлар еліміздің әр өңірінде жиі кездесіп жатады.


Осы жайлардан не түюге болады? Яғни, коммерциялық ұйым болып саналатын банк клиенттерінен қалай болғанда да көбірек ақша тауып қалуды басты мақсаты етіп алған. Сондықтан, олар мүмкіндікті пайдаланып, клиенттен көбірек ақша алудың амал-айлаларын жасап бағады. Бұл үшін банкті кіналауға да болмас, өйткені олардың негізгі табыс көзінің өзі клиенттерден алатын өсім ғой. Сондықтан, банктен несие алмас бұрын ойланып-толғанып барып, басқа жол жоқ боланда ғана сондай қадамға барған жөн. Лажын тапсаңыз, банктен несие алмауға тырысыңыз. Өйткені, банк несиесі арқылы сіз мәселеңізді шешкен сияқтанғаныңызбен, алғаныңызды еселеп қайтаруыңызға тура келеді. Яғни, қаржылық жағынан алғанда несие кім-кімге де тиімсіз.


akikat01.com




Көрілген: 5475    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.09.2019, 22:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31