Нарық

Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек

  • Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек

    Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек

Елімізде банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан қосымша бонус беру тетігін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Біз қосымша жаңа шаралар да қарастырып жатырмыз. Бұл - мемлекеттен азаматтарға, банк картасын пайдаланушыларға бонус беру. Аталған мәселені қазіргі уақытта талқылаудамыз», - деді ол.


Сонымен қатар ол бизнеспен бірге ірі мәмілелерді қолма-қол ақшасыз жүргізу мәселесін де талқылап жатқандықтарын айтты.


«Бизнеспен бірге қолма-қол формада ірі көлемде жасалған шығыстарға, сонымен қатар ірі мәмілелерге шегерім бойынша шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл ірі мәмілелердің қолма-қол ақшасыз формада жасалуы үшін енгізілмек», - деді Р.Дәленов.


 




Көрілген: 866    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.03.2019, 16:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31