Нарық

Банк-оператор зейнетақы қорындағы ақшаға баспана алу тетіктерін әзірледі

  • https://syr-media.kz/

    https://syr-media.kz/

Елімізде қоғамдық талқылаудан өткізу үшін тұрғын үй сатып алу мақсатында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану ережелері жарияланған болатын. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің арнайы бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» сайтында тұр. Арнайы порталдағы қоғамдық талқылау бүгін аяқталады. Халық өз сұрақтары мен ұсыныстарын «Ашық НҚА» сайтына бүгін түнгі сағат 00:00-ге дейін жолдай алады. 

 

БЖЗҚ қаражатқа баспана немесе жер телімін алуға байланысты бапнктердің дайындығы қандай? Бұл сауалды Azattyq Rýhy тілшісі  «Отбасы банк» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимоваға қойған  болатын. Ережелер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында аталған банк негізгі оператор. Өз кезегінде қаржы институты зейнетақы жүйесінен қосымша қаржыландыруға мүмкіндік алады. Ендеше банктің алдағы жоспарлары қандай? Әрине ережелер енді ғана бекітілді. Ал бағдарлама 2021 жылы 1 қаңтарда жұмыс істей бастауы тиіс.

 

«Біз бұл сұрақтың талқылануына түрткі болдық. Осыдан үш жыл бұрын БЖЗҚ-дағы қаржыны халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартуына пайдалану туралы ұсынысты айтқан едік. Міне ол күн де келді. Біздің банк бұл бағдарламаның операторы ретінде таңдап алынды. Қазір біз Сандық электрондық қол қою (ЭЦП) көмегімен қазақстандықтардың тіркелуін қадағалап отырмыз, яғни азамат өзінің жинағында қанша сомма бар екенін алдымен өзі біліп алуы тиіс»,- дейді Л. Ибрагимова.

 

«Клиент негізгі бес мақсаттың ішінен өзінің негізгі мақсатын анықтап алған соң, өзі пайдаланғысы келетін сомманы белгілеуі тиіс. Сондай-ақ банк талап еткен тиісті құжаттарды  e-gov жүйесіне жүктеуге міндетті. Бұл құжаттар тізімі нақты мақсатқа қарай әртүрлі болады. Сосын пайдаланушы БЖЗҚ есепшотынан өзіне керекті қаражатты алуға тапсырыс береді. Оператор белгіленген мерзімде өтінішті қарап, шешім қабылдайды»,- дейді «Отбасы банк» басшысы.

 

Сосын өтініш мақұлданса, клиент банктен есепшот ашып, зейнетақы қорынан түсетін қаражатты аударады. Бұл қызметтерді онлайн тәртібінде жасауға да болады. Бұл қаражаттар қатаң бақылауда болады. Тұтынушы немесе өзге де тұлғалар тиісті қаражатты басқа масқатқа немесе қарыздарды жабуға пайдаланбауы қадағаланады.

 

Дайындық қарқынмен жүріп жатыр, қазір біз екінші деңгейлі банктермен  келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ал БЖЗҚ меліметтер базасымен Отбасы банкінің базасын интеграциялау процесі де аяқталуға жақын. Ал 2021 жылы бұл қызмет түрі тұтынушыға қолайлы әрі үздіксіз жұмыс істеу үшін тырысамыз, дейді Ләззат Ибрагимова.

 

Айта кету керек, зейнетақы қорындағы қаражатқа баспана алу немесе өзге де мақсаттарға пайдалану үшін 720 мың адамның  (халықтың 6%-ы) мүмкіндігі бар. Бұл негізінен орта таптағы немесе ауқатты азаматтар болуы мүмкін. Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті  Ермек Мүсірепов бағдарлама елдегі тұрғын үй нарығына айтарлықтай серпін бермейді деп есептейді. Себебі оның талабы негізінен баспанаға мұқтаж жандарға арналмаған. Зейнетақы қорына қаржыны көбірек жинаған салымшылардың бірінші мәселесі баспана емес, дейді сарапшы.

 

«Логикаға сыймайтын бір маңызды мәселе- зейнетақы жинағын кімдер ала алады деген сауал. Бұл топқа қазақстандықтардың 700 мыңнан астамы кіретін болды, ол шамамен жұмыс істеуге қабілетті елдің 5-6 пайызы. Бұл өте төмен көрсеткіш және сол 5 пайыз адамның барлығы бірдей баспанаға мұқтаж деп айтпас едім. Ал емделу үшін де бұл қаражат қажет емес, одан да қартайғанда зейнетақы ретінде алайын деген ой тұруы мүмкін. Десе де бастама жақсы, бірақ оның механизмдерін пысықтау керек еді», - дейді сарапшы.

 

 

 




Көрілген: 3114    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.12.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31