Нарық

Банктар ұзақмерзімді депозиттердің сыйақысын төмендетуі мүмкін

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 1 ақпаннан бастап күшіне енетін ЕДБ үшін жаңа ұсынымдар шығарды.

Қазақстанда бүгінгі күні депозиттердің үш түрі бар &ndash мерзімді, мерзімсіз және жинақ. Біріншісі үшін сыйақы шегі базалық мөлшерлемеге ғана байланысты болады. Қалған шарттар үшін салым мерзімі және толықтыру мүмкіндігі маңызды. Барлығы 17 нұсқа бар. 

2020 жылдың бірінші жартысында депозиттердің ондығына шекті пайыздарының ай сайын өзгеруі қалыпты жағдай болды. Бұл бағамның динамикасы, базалық мөлшерлеменің өзгеруі және басқа да факторларға байланысты қаржы нарығындағы үнемі өзгеріп отыратын жағдайды көрсетті.

Жыл соңына қарай өзгерістер азайды. Мысалы, 2020 жылы қарашадағы жариялымға 6 өзгеріс енгізілген, желтоқсанда 2, ал 2021 жылы қаңтарда бірде-бір өзгеріс енгізілмеген. Оның үстіне өзгерістер сыйақының максималды мөлшерін азайтуға қатысты болған.

Тағы бір төмендеу
Жаңа жыл кішігірім өзгерістермен басталды. ҚДКБҚ-да екіжылдық жинақтардың шегін азайту шешімі қабылданды. Толықтырылатын депозит ашқанда ол 11,7 пайыздан 11,5 пайызға төмендейді. Толықтырылмаса 13,2 пайыздан 13 пайызға төмендейді. Қор бұл өзгерісті былай түсіндірді:

&ldquoҚысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме сол қалпында қалады. Ол Ұлттық банктың базалық мөлшерлеме деңгейін сақтап қалуына байланысты. Нарыққа тәуелді мерзімді депозиттер де өзгеріссіз қалады. 24 айға жоспарланған ұзақмерзімді жинақ біраз төмендеді. Оған себеп &ndash банктардың нарықтық мөлшерлемесінің төмендеу&rdquo, &ndash делінген қор сайтында.

Жаңа максималды мөлшерлемелер өте төмен екенін айтып өткен жөн. Осылайша, екі жылдық жинақ салымдары бойынша пайыздар 2019 жылғы қыркүйектен бастап ақпандағы көрсеткіштен жоғары болды. Толықтырусыз депозиттер сол уақыттан бері ең төменгі деңгейде.

Депозиттер бойынша не білу керек?
Ең тиімсіз депозиттер &ndash бұл 3 және 6 айға жоспарланған мерзімді және мерзімсіз депозиттер. Олар бойынша ең жоғарғы сыйақы 9% (толтырудан бас тартқан жағдайда 9,5%) құрайды. Олардың артықшылығы ақшаны кез-келген уақытта алуға болатынында. Осы жерде айтарлықтай айыппұлдарды айналып өтуге болатынын ескерткен жөн.
Ақша салудың ең тиімді жолы &ndash толықтыру мүмкіндігінсіз бір жылға жинақ салымы. &ldquoСалу және ұмыту&rdquo принципі. Ақша алу мүмкін емес. Бірақ бір жылдан кейін сыйақы 14% дейін жетеді.
Жылдық салымдар сол шартпен ашылатын екі жылдық салымдарға қарағанда тиімдірек. Яғни, 12 айға жоспарланған толықтырусыз салым 24 айға жоспарланған салымға қарағанда үлкен пайызға ие.
Соңғы рет толықтырусыз жинақ салымдары бойынша ең жоғары ұсынылған сыйақы 2020 жылғы маусымда ұлғайды. Содан кейінгі өзгеріс қазан айында толықтыру опциясы бар депозиттер үшін болды. Толықтырусыз екі жылдық салымдар бойынша шек 7 айда бесінші рет төмендеп отыр.
Бір мерзімге ашылған жинақ пен мерзімді салым арасындағы сыйақыдағы айырма мынаны құрауы мүмкін:
толтыру қарастырылмаса, 1%-дан 3,6%-ға дейін
толықтыру болса, 1%-дан 2,4%-ға дейін

kaz.365info.kz




Көрілген: 2207    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 02:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31