Нарық

"Барлық анаға теңдей жәрдемақы берілуі керек": Еңбек министрі жауап берді

  • "Барлық анаға теңдей жәрдемақы берілуі керек": Еңбек министрі жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов бала санына қарамастан, барлық анаға жәрдемақы төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн брифингте журналистер қоғамда талқыланып жатқан мәселені көтерді.

 
"Көпбалалы отбасыларға бала санына қарамастан, 4 АЕК көлемінде жәрдемақы төлене бастағаннан кейін халық арасында тура сондай әлеуметтік көмек барлық анаға төленуі керек деген ұсыныстар айтыла бастады. Бала санына да қарамау қажет. Себебі әрбір ана баланың тәрбиесі мен оқуына көп күш салады, шығын да аз емес. Осы іспетті "балалар жәрдемақысын" енгізу жоспары жоқ па?", - деді журналистер.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың айтуынша, бүгінде жүктіліктен бастап бала туу мен бір жыл қарау бойынша жәрдемақы барлығына бірдей төленеді. Ал көпбалалы отбасыларға бала санына қарамастан, жәрдемақы енгізудің өзіндік себебі бар.

"Елімізде ана мен баланы қорғау бағытында қабылданған кешенді шаралар бар. Бүгінгі күні аналарға мемлекет тарапынан төлем жүктілік және босанған кезде беріледі. Сондай-ақ, туғаннан кейін бала күтімі бойынша 1 жыл бойы тағайындалады. Және бұл жәрдемақы барлығына бірдей төленеді. Көпбалалы аналар мәселесіне келсек, өткен жылы 4 және одан да көп баласы бар аналарға жәрдемақы төлеу жүйесі енгізілді. Оны енгізуде екі негізгі себеп бар. Біріншіден, елімізде бала тууды ынталандыру мақсатында. Айта кетер болсақ, 2019 жылы Қазақстанда көпбалалы ана саны 252 мың болса, өткен жылы ол көрсеткіш 428 мыңға жетті. Бір жыл үшін айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Екінші себеп, көпбалалы отбасылардың табысын арттыру мақсатында тағайындалып отыр", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов өз жауабында.

Сондай-ақ, министр аталған жәрдемақының тек көпбалалы отбасыларға арналғанын баса айтып, барлық анаға теңдей жәрдемақы төлеу министрлік жоспарында жоқ екенін жеткізді.




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 21:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31