Нарық

Бас банкир кредиттердің айыппұлы мен өсімақысы қашан өтелетінін айтты

  • © Pankredit.com

    © Pankredit.com

Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев кредиттердің айыппұлы мен өсімақысын өтеу шаралары қалай атқарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы жарлығын іске асыру мақсатында ұлттық банк үкіметпен, банктермен және микроқаржыландыру ұйымдарымен 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша 300 мың теңгеден аспайтын сомада өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтардың берешегін өтеу механизмін әзірледі", - деді Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.


Бас банкирдің айтуынша, аталған жүйе аясында алдымен өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтардың тізімі жасалады. Оны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлейді.


"Одан кейін аталған тізім бойынша берешек мемлекеттік бюромен, екінші деңгейлі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен салыстырылып тексеріледі. Содан соң банктерге және микроқаржыландыру ұйымдарына ақша аударылады. Бұл механизмді екі айда аяқтау жоспарланып отырмыз. Бұдан ары еңбек министрлігі тізімді нақтылаған жағдайда қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы тиісті шараларды қабылдауы қажет болады", - деді Досаев.


Ал ұлттық банк екінші деңгейлі банктер мен микроқаржыландыру ұйымдарымен бірлесе отырып, 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген кепілсіз тұтынушылық қарызы бар барлық азамат үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды өтеу механизмін әзірледі.


"Бұл механизм бойынша банктер мен микроқаржыландыру ұйымдары алдымен есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды дербес көшіріп алады. Бұдан кейін оператор банктер мен микроқаржыландыру ұйымдарының шығыстарын 70 проценттік дисконтпен өтеуді жүзеге асырады, яғни іс жүзінде айыппұлдар мен өсімпұлдардың үштен екісінен астамы банктер мен микроқаржыландыру ұйымдарының қаражаты есебінен есептен шығарылады. Бұл механизмді де екі айда аяқтау жоспарлануда", - деді Досаев.


 




Көрілген: 909    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31