Нарық

Баспана бағасы арзандай ма?

  • https://ratel.kz/

    https://ratel.kz/

Кейінгі бір жылда еліміздің тұрғын үй нарығын бұрын-соңды болмаған қымбатшылық жайлады. Зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану құқығы берілген бойда, баға бірден 10-12 процентке өсті. Кей өңірлерде тіпті 20 пайызға жоғарылады. Қордағы қаржының 1,8 трлн теңгесі осы мақсатқа жұмсалды.

 

Андрей Чеботарев, экономист:

 

– Баға өсіміне бүкіләлемдік қаржы дағдарысы ғана кедергі келтіруі мүмкін. Экономистер 2-3 жылдан кейін жаһандық экономика әлсірейді, сәйкесінше ахуал қиындайды деп болжап отыр. Бәрі коронавирус пандемиясына байланысты. Дағдарыс болып, ақша айналымы азайса, баға түседі. Соңғы рет мұндай жағдай 2008 жылы болды. Ал дағдарыстың қайталануын тілеу кімге де болсын қажет емес.

 

Айта кетейік, Үкімет өкілдерінің болжамы әзірге орындалмай отыр. Жаз айларында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі күзге қарай нарықтағы жағдай толық тұрақталады деген еді. Тіпті арзандауы мүмкін екенін алға тартқан.

 

Алина Буравцева, баспана сату сайтының сарапшысы:

 

– Бағаны түсіретін факторларды көріп тұрғаным жоқ. Ипотека беру жалғасып жатыр. Сұраныс болған жерде, солай болады. «Отбасы банкі» де қарқынын арттырып келеді. Мемлекет жеңілдетілген шартпен ипотека ұсынып жатыр. Бір ғана үміт – бұрынғы қарқынмен қымбаттау тоқтайды.

 

Жыл басында баспана бірден 12 процентке қымбаттаса, қазіргі қарқын төмен. Тамыз айының қорытындысы бойынша баға тек 2 процентке өскен. 

 

Алина Буравцева, баспана сату сайтының сарапшысы:

 

– Келісімшарттар құны да көбіне өзгеріссіз қалады. Мүлікті сатушылар бағаны түсіруге құлықсыз. Бар болғаны 1-2 процентке төмендетеді. Одан артыққа бармайды. Осыдан-ақ, нарықтағы жағдайды, яки сұраныстың жоғары екенін байқай беріңіз.

 

Риелторлардың айтуынша, үй арзандайды деу қисынсыз. Керісінше, сұранысқа сай ол өсе береді.

 

Таяуда Президент кезекте тұрғандарға «Отбасы банк» арқылы 2 және 5 проценттік ипотекалық несие беруді тапсырған. Бұл механизм жұмыс істей бастаса, баға тағы шарықтай түсуі әбден мүмкін.

 

 

24.kz




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 19:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31