Нарық

«Баспана Хиттің» пайыздық мөлшерлемесі 10,75% дейін төмендетілді

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді, деп хабарлады «Баспана» ипотекалық ұйымы.


Игі бастама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) 15 сәуірде базалық мөлшерлемені 9,0% деңгейге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асты. «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшері ҚРҰБ базалық ставкасына (ҚРҰБ базалық ставкасы +1,75%) байланысты болатынын еске саламыз.


«Пайыздық үстеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Баспана Хиттің ипотеканы 11%-бен алған борышкерлері ай сайынғы төлемдерді бұрын бекітілген кестеге сәйкес төлейді. Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа клиенттерге ғана қатысты болады», - деді «Баспана» ИҰ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатов.


Баспана Хит бойынша мақұлданған кредиттердің сомасы 25 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі күнге дейін 3 113 қазақстандық осы ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер алды.


Баспана Хит азаматтың меншігінде баспанасы болса да бастапқы не қолданыста болған тұрғын үйді алуға мүмкіндік береді. Ипотеканы 8 банк береді: Халық банкі, ЦентрКредит банк, Сбербанк, Цеснабанк, Еуразиялық банк, Forte Bank, Bank RBK және АТФБанк.


Азаматтардың ай сайынғы төлемдерін есептеуіне қолайлы болуы үшін Баспана Хит ипотекалық калькуляторы іске қосылды baspanahit.kz/


BAQ.KZ




Көрілген: 1413    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 11:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30