Нарық

Баспана жалдау құны жазға дейін арзандамайды

  • Баспана жалдау құны жазға дейін арзандамайды

    Баспана жалдау құны жазға дейін арзандамайды

Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов осылай деп мәлімдеді.

LS агенттігіне берген сұхбатында ол бір және екі бөлмелі пәтерлерді жалдау 30%-ке қымбаттағанын айтты. Ал тамызда баға тіпті шарықтап кеткен. «Бұның бірден бір себебі үй иелері соңғы бір жарым жылда жоғалған пайданың орнын толтырғысы келді» деді Мүсірепов. Оның айтуынша, қазір Алматыда 2000 жылға дейін салынған үйде бір бөлмелі пәтер 180 мың теңге тұрады. Нұр-Сұлтандағы жаңа кешендерде шамамен 150 мың теңге. Бірақ бұл өсімнен кейін жақын арада жалдамалы үйлердің бағасы айтарлықтай өзгермейді деді сала маманы.

АҚШ мұнай бағасын төмендетудің барлық мүмкіндігін қарастырады

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы мәлімдеді. Өз хабарламасында ол «АҚШ ОПЕК-ке мүше мемлекеттермен мұнай құнына қатысты байланыста екенін және бағаны төмендетудің барлық мүмкіндігін қарастыратынын» айтты. Сонымен қатар Джен Псаки АҚШ бәсекеге қабілетті мұнай нарықтарын құруға, бағаны тұрақтандыруға және олардың динамикасын бақылауға көп күш жұмсап жатқанын, сондай-ақ Ұйым аясында экономиканы қалпына келтіруді қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Еске салайық, кеше қара алтын құны соңғы үш жылдағы рекордтық деңгейге жетіп, бір баррель бағасы 80 доллардан асты.

АҚШ-та инвесторлар технологиялық компания акцияларын сатып жатыр

Өткен сауда-саттық нәтижесінде АҚШ қор индекстері 1,5%-тен 2,5%-ке дейін жоғалтты. Dow Jones индексі 300-ден астам, ал NASDAQ 400-ден астам тармаққа төмендеді. Мамандардың айтуынша, бұл технологиялық компаниялардың акциялары құлдырауымен байланысты. Инвесторлар осы уақытқа дейін жоғары технологиялық компаниялардың құнды қағаздарына қаржы құйып келді. Өйткені бұл акциялар пандемиялық шектеулер кезінде де өсім көрсеткен. Бірақ АҚШ-тағы тұтынушылық сенім индексінің төмендегі жайлы ақпарат шыққанда инвесторлар бұл акцияларды бірден сата бастады.

«Қор нарығындағы мұндай өзгерістерге Федералдық резервтік жүйе ынталандыру шараларын жақында тоқтатады деген қауіп те түрткі болды» дейді сарапшылар.




Көрілген: 426    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 10:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31