Нарық

Баспана кезегі неге кері жылжиды? - маман жауабы

  • Баспана кезегі неге кері жылжиды? - маман жауабы

    Баспана кезегі неге кері жылжиды? - маман жауабы

«Кезектілік есебінен шығару себептері әртүрлі болуы мүмкін: тұратын жерін басқа қалаға ауыстыру, меншік құқығында тұрғын үй сатып алу, 2-топтағы мүгедектіктен 3-топқа ауысу, азаматтық алу».

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ тұрғын үй кезегінің қандай себептерге байланысты кері жылжитынын және қайтадан кезекке тұрудың тәртібі туралы түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Елорда Инфоға сілтеме жасап.


«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ тұрғын үй кезектілігінде тұрғандардың тізімдеріне күнделікті түгендеу жүргізеді. Сөйтіп, тұрғын үйді ұсыну негізі жойылған азаматтарды кезектілік есебінен шығарады. Кезектілік есебінен шығару себептері әртүрлі болуы мүмкін: тұратын жерін басқа қалаға ауыстыру, меншік құқығында тұрғын үй сатып алу, 2-топтағы мүгедектіктен 3-топқа ауысу, азаматтық алу», – делінген хабарламада.


Бірақ тұрғын үй кезегінен шығарылғаннан кейін азаматтар онымен келіспей, сотқа талап-арызбен жүгінетін жағдайлар болады. Сот азаматтардың соңғы 5 жыл ішінде тұруға жарамды тұрғын үйді иеліктен шығару фактілеріне қарамастан, әкімдікті азаматты кезектілігіне қалпына келтіруге міндеттейді.


«Демек, егер бастапқыда кезек алға жылжыған болса, сот шешімімен аталған азаматтар қайтадан кезекке қойылады. Сол кезде тисінше барлық кезек кері жылжиды», – деп көрсетті мекеме қызметкерлері.


«Тұрғын үй қоры» КММ Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 39 мекенжайына келіп, тұрғын үй кезегіне қатысты толық ақпарат білуге болатынын ескертеді. 




Көрілген: 818    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.08.2019, 16:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30