Нарық

Баспанасы барлар зейнетақы жинағын басқа пәтер алуға жұмсай алады

  • Баспанасы барлар зейнетақы жинағын басқа пәтер алуға жұмсай алады

    Баспанасы барлар зейнетақы жинағын басқа пәтер алуға жұмсай алады

Тұрғындардың баспанасы болса да, зейнетақы жинағын басқа тұрғын үй алуға пайдалана алады.

Тұрғындардың баспанасы болса да, зейнетақы жинағын басқа тұрғын үй алуға пайдалана алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, бұл бағытта шектеу болмайды, яғни тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану мүмкіндігі беріледі. Егер бір бөлмелі пәтер тарлау болып, оның орнына екі бөлмелі пәтер алуға шешім жасалса, онда БЖЗҚ-дан ақшаны шешуге немесе қосымша төлеммен пәтерді айырбастауға рұқсат етіледі. Мұнымен қоса, бір бөлмелі пәтерді сатып, одан түскен ақша мен зейнетақы жинағын қосып, екі бөлмелі пәтерді сатып алуға болды. «Осы мәселелердің барлығы қарастырылған. Сәйкесінше, басқа баспана алуға шешім жасалса, шектеу болмайды», – деп нақтылады министрліктің баспасөз қызметі. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға болатынын айтқан еді. 




Көрілген: 650    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 20:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31