Нарық

Басшылар – ашкөздіктен, ал қарапайым мамандар – мұқтаждықтан пара алады екен

  • Басшылар – ашкөздіктен, ал қарапайым мамандар – мұқтаждықтан пара алады екен

    Басшылар – ашкөздіктен, ал қарапайым мамандар – мұқтаждықтан пара алады екен

  Елімізде соңғы 5 жылда сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 75%-ы – жалақысы төмен орта және төменгі буындағы мемлекеттік қызметкерлер.


Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің кеңейтілген алқа отырысында белгілі болды.


"Басшылар – ашкөздіктен, ал қарапайым мамандар – мұқтаждықтан және ашық шарасыздықтан пара алады деген қоғамдық пікір әділ көрінеді", - деді Алик Шпекбаев.

Бұл ретте, жалақыны арттыру бюджетке қосымша ауыртпалық түсірмеуі тиіс.


Айта кетейік, Қазақстанда бұл үшін құқықтық негіз қалыптасқан. Мәселен, бірінші басшылар мемлекеттік органның штаттық саны мен ұйымдық құрылымын дербес анықтай алады, ал үнемделген қаражат жалақыны арттыру үшін олардың иелігінде қалады.


Бұдан бөлек, мемлекеттік органдарда бюджеттік үстемесіз мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын кем дегенде нақты 2 есеге арттыруға мүмкіндік беретін резервтер бар.


"Атап айтқанда, экономикалық тергеу қызметі штаттық санын 40%-ға қысқартты, біз бұл деңгейді жыл соңына қарай 25%-ға дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек, 2018 жылы мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларының 30%-ы қысқартылса, 2020 жылы тағы 10%-ын қысқарту күтілуде", - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдарды оңтайландыру бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуде де оң әсер етеді.


Баса назар аударған жөн, парасаттылыққа тексеруден өтпеген, нақтырақ айтқанда материалдық немесе өзге де пайда мен артықшылықтарды алуға келісім берген тұлға қылмыстық қудалаусыз жұмыстан шығарылатын болады.


Мұндай тәжірибе Еуропа елдері мен АҚШ-та қолданылады екен.


Шпекбаевтың сөзіне сүйенсек, Агенттік осы құқықтық нормаларды әзірлеп қойған, енді оны заңнамалық пысықтауға әзір.


"Азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізудеміз. Егер пара немесе келтірілген залал сомасы 2,5 млн теңге болса, шекті деңгейден көп емес 10% мөлшерінде сыйақы ұсынылады. Мәселен 10 млн теңге", - деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Бүгінде бұл бастаманы барлық мемлекеттік органдар қолдаған және таяу арада Үкіметтің тиісті қаулысына өзгертулер енгізілетін болады.


Роза Ысқақ

Фото: автордан


Baq.kz




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2019, 12:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30