Нарық

Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінен жыл сайын қанша табыс түседі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚазАқпарат тілшісіне Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль дәлізінен жыл сайын ел бюджетіне қанша табыс түсетінін айтты.


Министрліктің дерегінше, аталмыш құрлықаралық дәліздің жалпы ұзындығы – 8445 шақырым.


«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтиненталдық дәлізі 3 мемлекеттің аумағымен өтеді. Олар: Қытай-Қазақстан (25%), Қытай-Орталық Азия (35%) және Қытай-Қазақстан-Ресей-Батыс Еуропа (40%). Халықаралық жол осы аймақтар бойынша жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді», - делінген министрліктің мәліметінде.


2019 жылдың алғашқы 5 айында аталған дәліз арқылы 650 мың тонна транзиттік жүк өткен екен.


«Бүгінде дәліздің орташа жылдық тиімділігі - шамамен 195 млрд теңге. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсуде. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы өткен транзиттік жүктің көлемі - 1,637 млн тонна. Оның 90 пайызы осы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль дәлізіне тиесілі. Нақтырақ айтсақ, дәліз арқылы 1,47 млн тонна жүк тасымалданған», - дейді министрлік өкілдері.


 


 




Көрілген: 697    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.07.2019, 11:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31