Байлыққа салынатын салық таптарды табыстыра ма?

Байлыққа салынатын салық таптарды табыстыра ма?

Елімізде байлыққа салық салу мәселесінің айтылып жүргеніне көп болды. Былтырдың өзінде үш-төрт рет жоғары деңгейде сөз болған. Соның бірінде Президент өз пікірін білдірсе, соңғы талқылауда Ұлттық экономика министрлігі нақты тұжырым бекітуді кейінге қалдырды.

 

Сондықтан биылғы жылдың күн тәртібінде бұл мәселе тағы да алдымыздан шықпақ. Өйткені еліміздегі Форбстың тізімі жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Ал кедейлік шегіне ығысқандардың кемитін түрі көрінбейді. Сонымен, байлыққа салық салутап айырмашылығын жоя ала ма? Былтырғы айтылған сарапшылардың пікірін саралап көрелік.

 

Әлеуметтік жауапкершіліктің бір тетігі

 

Елімізде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы көп айтылады. Оған үндеу аясында қыруар шаруа атқарылып та жатыр. Қаншама нысандар тұрғызылып, қайырымдылық шаралары өткізілді. Түрлі жеңілдіктер ұсынылып, дәстүрлі акциялар пайда болды. Тіпті, елімізде патронаж институтына алғышарт қалыптасып үлгерді деуге болады. Бірақ бұл теңізге тамған тамшыдай ғана әсер беріп отыр. Өйткені сіңірі шыққан кедейлер мен шылқыған байлардың арасы алшақтап ба­рады. Сондықтан да байлыққа салық салуды әлеуметтік жауапкершіліктің бір тетігі іспетті қарастырған абзал. Ол бірде бар, бірде жоқ қайырымдылықтан гөрі тұрақты сипатқа ие болмақ. Былтырғы айтылған пікірдің бірі &ndash осы.

 

«Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде халықтың бай және кедей топтары арасындағы алшақтық айтарлықтай өсті. Байлық салығын енгізу Қазақстанда салық салудың әділетті жүйесін қалыптастыра алады деп есептеймін. Байларға салық салынса, ел қазынасына қыруар ақша түседі. Оны халықты әлеуметтік жағынан қолдауға, яғни көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектерге көмек көрсетуге жұмсауға болар еді.

Жалпы, кез келген қоғамның алға ілгерілетуші тобы &ndash байлар. Батыс елдерінде ғылыми-зерттеулердің барлығын дерлік байлар қаржыландырады екен, ал бізде, әрине олай емес. Елімізде элиталық топтардың өкілдері көбірек салық төлеуге келіспейтіні түсінікті. «Біздің адамдар байи қалса, Миланнан киініп, Лондоннан зәулім сарай сатып алып, жеке яхта, жеке ұшақ мінуге құмар. Сондықтан салықты көбірек төлеу арқылы болса да, қоғамға пайдасын тигізсін», &ndash деді сенатор М.Бақтиярұлы.

 

Қалай дегенде де, дәулетті жерлестеріміздің байлығының қайнар көзі еліміздің табиғи ресурстары, транзиттік потен­циалы мен агроөндірістік кешені екені рас. Сондықтан табыс бөлісудің салықтық сипатын енгізу әділетті шешім болмақ. Бұл &ndash байлық салығын енгізуді қолдайтын сарапшылардың ортақ пікірі. Бірақ жылдан-жылға күшейіп келе жатқан бұл көзқарастың элиталық топ­тардың ықпалымен «тұншықтырылып» келе жатқанын жоққа шығаруға болмас.

 

Прогрессивті шкала қайта орала ма?

 

Былтыр көктемде байлыққа салық салу мәселесі көтерілген кезде Мемлекет басшысы жеке табыс салығының прогрессивті шкаласына қайта оралуды ұсынған болатын. Мұндай тәжірибе елімізде 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін болған. Кейіннен тегіс шкалаға ауыстырылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкі­метке берген бұл тапсырмасының мақсаты &ndash әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету.

 

«Айына 250-300 мың теңгеге дейін табыс табатындар 7% салық төлеу керек. Ал орта тапқа қатысты айтар болсам, оларға бұрынғысынша 10% салық қала береді. Шартты түрде айтқанда 300 мың болмаса 1,5-2 млн теңге табыс табатындар үшін қазіргі мөлшерлеме сақталады. Ал жылына 25 миллион теңгеден көп табатындар үшін 10%-дан көп табыс салығын белгілеу қажет. Олардың қандай сома төлейтінін комиссия анықтайды. Бұл 13 немесе 15% болуы мүмкін, бірақ 15%-дан көп емес», &ndash деді Президент.

 

Мемлекет басшысы ұсынып отырған прогрессивті шкаланың мәні &ndash аз табыс табатындар аз, ал неғұрлым көп табыс табатындардың соғұрлым көбірек салық салу. Болжамды есеппен алғанда, бұл 7-15% аралығында. Мұндай тәжірибе әлемнің бірқатар елдерінде бар. Сол кездегі отырыста Президент бұл мәсе­лені әлі де қоғаммен, депутаттармен, маман­дармен талқылап, оны енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдайтынын айтқан болатын.

 

«Мен ол кісіні қолдаймын. Айына 300 мың теңге табатындар 6-7% төлесін, 100 мың теңгеден төмен алатындар, тіп­ті салықтан босатылсын. Ал жылдық табысы 25 миллион теңгеден асатын дәулеттілер үшін табыс салығын 15%-ға дейін көтеру әділ шешім болар еді. Мұндай жүйе Еуропаның кейбір елдерінде бар. Мысалы, Финляндияда 100 мың еуродан астам табысқа салынатын салық ставкасы 31,7%-ды құрайды», &ndash дейді экономист Мақсат Халық.

 

Прогрессивті шкаланың теріс өлшемі

 

Экономист Асылхан Андашов прогрессивті шкала бюджет кірісін төмендетіп, салықты азайтып жіберуі мүмкін екенін айтады. Өйткені шамадан тыс табыс таатындар елімізде ат төбеліндей ғана, ал орташа ең­бекақыдан төмен айлық алатындар саны одан бірнеше есе көп. Бұл қазіргі пропорциялық тепе-теңдікті бұзуы ықтимал.

 

«Кейбір зерттеулер бойынша, пандемияға дейінгі ең көп кез­десетін жалақы 58 мың теңге бо­латын. Ал 3,5 миллионнан астам адамның жалақысы 112 мың теңгені құрады. Яғни, бізде аз табыс табатындардың саны табысы жоғары азаматтардан көп. Сол себепті миллиондаған адамның салығын азайтып, жүздеген мың адамның салығын арттырғаннан бюджетке түсетін табыс көлемі ұлғаяды деп айта алмаймын. Керісінше, бюджет та­бысы азаюы мүмкін», &ndash дейді экономист Асылхан Андашов.

 

Бұлай болмас үшін жалпыға бірдей табыс декларациясын енгізуді дұрыс жолға қою керек. Егер ешкім өз табысын жасырмай, салықтан жалтармай, заңмен жүретін болса, ел қазынасына бірнеше миллиард теңге кіріс түсуі мүмкін. Өкінішке қарай, заңсыз жолмен байығандар өз мүлкін жария еткісі келмейді. Прогрессивті шкала туралы күмәнді пікір білдірген кейбір сарапшылар мұндай салық механизмі түптеп келгенде нағыз байларды әлеуметтік жауапкершілікке шақыруға емес, қара халықтың қалтасын қағуға жұмыс істеп кете ме деп те қауіптенеді.

 

«Елімізде әлі де болса на­рық­тық экономиканың заңдары толық орындалып жатқан жоқ. Оған қоса, мемлекет салықты белгілі бір нормадан арттырып жіберсе, салықтан жалтарушылар көбейеді. Сөйтіп, көлеңкелі экономиканың үлесі артуы мүмкін», &ndash дейді экономист Мақсат Халық.

 

Шетелде шешімін тапқан салық

 

Әлемнің кейбір мемлекеттерінде байлық салығының түрлі жүйелері қарастырылған. Мәселен, Францияда бұл тәжірибе 1980 жылдардан бастап бар. Мұнда дүние-мүлік, банктегі шоттары мен құнды қағаздарын қоса алғанда, азаматтардың барлық активтеріне байлық салығы салынады. Ал басқа елдерде барлық активтері салық салу нысаны ретінде қарастырылмаса да, люкс класына жататын автомобиль, яхта, ұшақ, қымбат бұйымдар сынды бірнеше тауар түрлерінен салық ұсталады. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Жа­понияда табыс салығының мөлшерлемесі азаматтардың табыс көлеміне байланысты, яғни прогрессивті шкала есебінен шешіледі. Жекелеген байларға келсек, Амазонның негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адам Джефф Бе­зостың салық төлемі &ndash 42,8 миллиард доллар, Tesla және SpaceX жетекшісі Илон Маск &ndash 27,5 миллиард доллар, Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг 22,8 миллиард доллар салық төлейді.

 

Былтыр Қазақстан бай­лыққа салық салудың бірінші кезеңіне аяқ баса алмай жүргенде мұхиттың арғы жағында оның сапалық екінші деңгейіне көшуге беттеген сыңайлы. Енді мұнда 60%-дық бірреттік салық түрін енгізу лоб­биі күшейіп тұр. Сенаторлар ұсынып отырған заң жобасы «Миллиардерлердің төлемін жаса» деп аталады. Онда 467 бай адамнан тұратын элитадан 731,8 миллиард долларға сәйкес келе­тін 60 пайыздық салық өндіріп алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұған Американы биыл 18 наурызда басталған пандемия туындатқан қиындық мәжбүрлеуде. Эпидемия басталған шақта 50 млннан астам америкалық жұмыссыздық туралы көмек сұрап, тағы 5,4 млн адам медициналық сақтандыруынан айырылған екен. Сенаторлардың пікірінше, біржолғы салық салу барлық америкалықтарға бір жыл ішінде медициналық шығындарды, соның ішінде рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді төлеуге мүмкіндік береді.

 

Ал Швецияда, керісінше ірі байлыққа салық салуды 2007 жылы алып тастаған. Оған дейін мөлшерлемесі 1,5% болған салықтан 2005 жылы ел қазынасына 500 миллион еуро кіріс түскен. Әйтсе де, Швеция үкіметі байлыққа салық елден капиталдың кетуіне, инвестицияға кедергі және кәсіпкерлік белсенділікке тежеу болып отыр деген шешімге келген. Олар бұл салықтың кесірінен ел қазынасы 53 мил­лиард доллар көлемінде кірістен қа­ғылды деп санайды. Өйткені байлар өздерінің байлығының шетінен салық төлеуге ықылас танытпай, жиғантергенін шетелде инвестиция етіп құйған.

 

 

 

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста