«Бәйтерек» холдингі 99 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

19 қаңтар 2022, 13:06

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәліметінше, агенттік 2020 жылғы наурызда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің квазимемлекеттік секторының республикалық бюджет қаражатын және активтерін пайдалану тиімділігін бағалау мақсатында мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстанда кәсіпкерлердің барлық салығын бір ғана патентке ауыстыру ұсынылды
banker.kz-ның мәліметінше, осы тексеру барысында жалпы сомасы 98 961,2 млн теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, сондай-ақ холдингтің еншілес ұйымдарының функциялары мен міндеттерін квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілермен салыстырғанда қайталау түріндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

- холдинг қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдау, мемлекеттiк меншiк ретiндегi холдинг активтерiн тиiмдi басқаруды ұйымдастыру, бөлiнген бюджет қаражатының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуын бақылау, оларды пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру, мемлекеттік меншік құқығын қорғау;

- «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Қазақстан инфестициялық қоры» АҚ және Қаржы министрлігі жанындағы «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ еншілес ұйымдарының функцияларының қайталануын болдырмау мақсатында ұлттық жоспардың 29-тармағында көзделген талдауды ескере отырып, холдинг тобын трансформациялауды жүзеге асырудың мақсаттылығы туралы мәселені қарастырсын.

Есеп комитетінің ұсынымдарын орындау мақсатында 2021 жылғы қарашада Мемлекет басшысының елдегі жағдай және оның негізгі бағыттары туралы жолдауларын іске асыруға бағытталған Холдингтің 2014-2023 жылдарға арналған ішкі және сыртқы саясат, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы даму стратегиясы жаңартылды.

Холдингтің еншілес компанияларының санын азайту мақсатында «QazTech Ventures» АҚ мен «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС активтері «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқаруына жеке қор ретінде берілді.