Beeline Қазақстан санкциядағы ел азаматтарының банк карталарын жабады

30 қыркүйек 2022, 15:16

Beeline Қазақстан провайдерінің Simply цифрлы карталарын қолданушылар 30 қыркүйектен бастап санкция енгізілген елдер азаматтарының карталарына қызмет көрсетілмейтіні туралы ескерту алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аbai.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Besmedia telegram-арнасы қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев пен басқа да карта иелеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

 

"Өкінішке қарай, 30 қыркүйектен бастап санкия енгізілген елдердің азаматтары қосымша мен картаны сауда жасауға, ақша аударуға және басқа да қаржы операциялары үшін қолдана алмайды", - деп жазылған Simply картасын қолданушылар алған ескерту хабарында.

 

Алайда Beeline мен Simply сайттарында ресми мәлімет әлі жарияланған жоқ.

 

Simply — банк қызметін алуға мүмкіндік беретін қарапайым пластик карта. Мұндай картаны Beeline компаниясына қарасты "ҚазЕвроМобайл" шығарады.

 

27 қыркүйекте Beeline Қазақстан байланыс операторы 5 қазаннан бастап "TV+Үйдегі интернет" пакетінен және BeeTV сервисінен ресейлік телеарналарды алып тастайтынын хабарлады.