Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бензині ең арзан елдер рейтингі: Қазақстан – 8-орында

04 ақпан 2021, 16:47

Қазақстандық бензиннің бағасы бір литрі үшін 170 теңгені құрайды. Бұл, көршілес Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанға қарағанда арзан, деп хабарлайды Еnergyprom.kz.

Бензин бағасы ең арзан елдер рейтингінде Қазақстан 167 елдің арасында 8-ші орынды иеленді. Қазақстандық бензиннің құны литріне 170,2 тг құрады. Тізімде ең арзан бензині бар елдер қатарында Венесуэла, Иран және Ангола бар. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстанда бензин бір жыл бұрынғыға қарағанда сәл қымбаттады. Осылайша, АИ-95/АИ-96 бағасы 0,8% көтеріліп, литріне 171,3 теңгені құрады; АИ-98-1,4% қымбаттап, литрі 190,2 теңгеге дейін; АИ-92 бағасы 2,7% өсіп, литрі 150,6 теңгеге дейін жоғарылады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанда 4,5 млн тонна отын өндірілді. Бұл, оның алдыңғы жылдағы көлеммен пара-пар.
turkystan.kz