Бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылуы мүмкін

12 сәуір 2022, 10:11

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстаннан бензин дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды тағы жарты жылға ұзарту жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда энергетика, қаржы министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлесіп шығарған бензин, дизель отынын және басқа да мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен республикадан тыс жерлерге шығаруға тыйым салынады деген заң бар. Осы заң тағы жарты жылға ұзарту мәселесі пысықталып жатыр", - деді Энергетика министрлігінің басшысы үкімет отырысында.