Нарық

«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС тиімді синдикатты қарыз алды

  • «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС тиімді синдикатты қарыз алды

    «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС тиімді синдикатты қарыз алды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы және «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ мен «Trans-Asia Gas Pipeline Co. Ltd» бірлескен кәсіпорнының қолдауымен «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС жалпы сомасы 720 млн. АҚШ долларына тең синдикатты қарыз алу үшін Халықаралық банктермен Несиелік Келісімге қол қойды.

«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС бұл қаржыны 2012 жылы Қытай Даму Банкі мен Қытай Банкі ұсынған міндеттемелерді қайта қаржыландыруға жұмсамақ.

Қаржыландыруды ұйымдастыруды MUFG Bank, Ltd (Жапония) және Bank of China, Ltd (ҚХР) жетекші банктері қолға алып отыр.




«Қазмұнайгаз ҰК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ кепілдемелері «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС-не пайыздық көрсеткіші төмен әрі  тиімді жағдайда қарыз алуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде сыйақыға төленетін шығын жылына 10 млн. АҚШ долларына дейін қысқарады. 


Қарызды қайта қаржыландыру жобаны қаржыландыру шартын жақсартуға және қарызды қайтару мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша сақтық қоры есебінен біраз қаржы бөлінеді және газ тасымалдауға «тасымалда немесе төле» деген шарт бойынша қайта келісімшарт жасау қажет болмайды. Бұл несие келісімшарты «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторының қарызын біраз жеңілдетеді. Алдағы уақытта мұндай қарызды қайта қаржыландыру үшін несиені теңгемен алу жоспарланып отыр, бұл валюталық қатерді азайтады.

Қаржыландыруға қатысты халықаралық банктермен мұндай тиімді келісім Қазақстандағы газ саласының несиелік сенімділікке және инвестиция тартуда жоғары көрсеткішке ие екенін білдіреді. Сондай-ақ мұндай келісімге қол қою халықаралық қаржылық институттармен серіктестік қарым-қатынасты дамытуда аса маңызды.




«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі




Көрілген: 697    Пікірлер: 0

жұма, 16.08.2019, 15:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30