Нарық

"Бейіт бизнесі": Жерлеуден ақша жасағандар жаға ұстатты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Орталықтың үстінен шағымданған "Жерлеу қызметтерін көрсетушілер" қауымдастығының өкілдері екен.


Олар екі жыл бойы марқұмдардың туыстарынан бейітті күтіп ұстағаны үшін заңсыз ақша алып келген, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.


Осыдан екі жыл бұрын әкімдік қала маңындағы 50 бейітті «Жерлеу рәсімін ұйымдастырудың бірыңғай орталығына» сенімгерлік басқаруға берген. Кәсіпкер аумағын күтіп ұстап, жан-жағын қоршап, тіпті, электронды база жасап, жұмысын бірізділікке түсіретінін айтты. Алайда, мұның бәрі құр сөз болып қалған сыңайлы. Шенділер мақтаған компания өзі секілді кәсіпкерлерді зират маңына жолатпай, өз қызметтерін ғана тықпалайтын болған.


«Бұл жерде бәсекелестік туралы заңнама өрескел бұзылып тұр деп санаймыз. Өйткені, жерлеу қызметін көрсететін ұқсас мердігер болмағаннан кейін бағаны көтеріп жіберген. Бұл бағаны негізсіз өсіруге таптырмайтын әдіс. Егер бәсекелестік тудыра алатын субъект болғанда, керісінше баға өспей, төмендер еді», - деді облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Сағындық Ерғалиев.


Орталықтың үстінен шағымданған "Жерлеу қызметтерін көрсетушілер" қауымдастығының өкілдері екен. Әріптестерінің бағаны шарықтатып жібергені былай тұрсын, «Өзім қожа, өзім биге» салынып, қызмет көрсетуші компанияның жұмысшыларын зират аумағына кіргізбей қойды деп отыр.


«Жақындары өздері зиратты қазып аламыз, жерлейміз деп тұрған тұрғындардың өзінен 20 мың сұрау ақылға қонымсыз. Біздің компанияның жұмысшылары қабір қазуға келсе, кіргізбейді, ертең орнын таппай қаласыңдар деп қоқан-лоқы көрсеткен. Заң бойынша, марқұмды жерлеуге 6 шаршы метр жер тегін беріледі. Әр бейіттің арасында сақталуы тиіс қашықтық өлшемі бар, бірақ, орталық оны бұзып отыр, қалдыруы тиіс 1 метр жердің өзіне адам жерлейді. Бұл өрескел қате емей не?», - дейді жерлеу қызметтерін көрсетушілер қауымдастығының заңгері Расима Латыпова.


Бейіт бизнесіндегі былыққа қатысты соңғы нүктені жоғарғы сот қойды. Кез келген адамды жерлеуге алты шаршы метр жер тегін берілуі тиіс. Бұл жер туралы кодекстің 109-бабы, 3-бөлігінде көрсетілген. Әрі ол үшін марқұмның туыстарынан қаржы талап етуге ешкімнің қақысы жоқ деп түсініктеме берген.


Бейіт бизнесіндегі баға әртүрлі. 80 мың теңгеден басталып, мұсылманша жерлеу рәсімдері 150 мың, кейде, тіпті, 450 мың теңгеге жетіп жығылады. Бұл бағаны қала маңындағы мазарларды сенімгерлік басқаруға алған компания белгілеген. Ал мұндай қымбатшылықты кез келгеннің қалтасы көтере бермейтіні анық.


Христан бейітіндегі қабір қазу жұмыстарына 80 мың, ал мұсылман зираттарындағы жұмыстар үшін 120 мың алып отырғандарын орталық мамандары растады. Алайда, осы айдан бастап артық тиын алмаймыз деп отыр.


«Біз артық алған жоқпыз ешқашан. Біздер бүкіл бағаны әкімдікпен, ЖКХ-мен келістік. Мына айда 20 мың алмаймыз адам жерлеу үшін. Өйткені, соттан сондай шешім келді», - дейді жерлеу рәсімін ұйымдастырудың бірыңғай орталығының қызметкері Әнуар Қужанов.


Енді басы дауға қалған орталық өзге кәсіпкерлерді зират маңына жолатпай, бәсекелестікке жол бермегені үшін айыппұл төлеуі мүмкін. Заңда оның көлемі 200-ден 1500 АЕК-ке дейін деп көрсетілген.




 sn.kz




Көрілген: 1143    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.08.2019, 12:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30