Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бидайымыз су тегінге сатылып жатыр

27 наурыз 2019, 11:31

Еліміздің Премьер-министрі Асқар Маминге «Nur Otan» мен «Ақ Жол» партиясы һәм Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланған 14 халық қалаулысы Орталық Азия елдеріндегі қазіргі орын алып алып отырған ұн экспортының оңынан шешілуі үшін депутаттық сауал жолдады.

2013 жылы ала тақиялы көршілеріміз өз территориясы арқылы өтетін қазақ ұнының акциздік салығының тарифын көтеріп жіберген болатын. Осының арқасында өзбек бизнесі өз елінен қазақ өндірушілерін толықтай ығыстырып шығарып, біздің бидайдан өздерінде ұн шығаруды кеңінен жолға қойды. Сөйтіп өзбек акалар Ауған жеріне сатылатын ұн өнімдерінің бағасына басы бүтін қожалық етуге қол жеткізді.

Осының кесірінен 1 млн тоннаға дейін қазақ астығы еш тосқауылсыз Өзбекстанға асып жатыр. Ал, өзбектер ішкі сұранысын 500 мың тонна ұн сатып алуға дейін қысқартты. Қалған сұранысын өздері өндірумен қанағаттарып жатыр. Осыдан үлгі алған Тәжікстан да, Қырғызстан да қазақ ұнын алуды қысқартып, оның есесіне біздің бидайды өздерінде тартып, ұн өндіруді жолға қоя бастады.

Еліміздің ұн өндірушілері бір жылда 5,5 млн тонна өнім шығарады. Оның 1,8 млн тоннасы ішкі сұранысты өтейді. Егер ұн өндіруші кәсіпорындар толық қуатында жұмыс істесе, онда 9,5 млн тоннаға дейін өндіре алады.

Ұн өнімін өндірушілер Ауғанстан, Өзбекстан, Қытай, Түркіменстан, Қырғызстан нарықтарында өздерінде жақсы жағынан көрсете білді дейді депутаттар өз сауалында. 2016-2018 жылдар аралығында ұн өндірушілеріміз жыл сайын 2,3 млн тонна ұнды экспортқа шығарған екен.

Депутаттық сауалда жаңа тарифте осының бәрі ескеріліп, қазақ аграрлары мүдделері қорғалуы қажеттілігі айтылған. Ауылшаруашылығымыздың өркендеуі үшін зор серпіліс жасау қажет. Сондықтан да, шет елге Қазақстан бидайын емес, ұнын саудалайтын жүйе қалыптасуы керек.

Әбіл-Серік Әлиакпар
Abai.kz